Жаңалықтар

Жаңалықтар


19-шіл-10 Отан алдында ант етемін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚазҰУ-дағы әскери кафедра түлектерінің салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті.


16-шіл-10 Рейтинг-2010: ҚазҰУ – оқу бағдарламаларының көшбасшысы

2010 жылдың 13 шілдесінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялық орталығы 2010 жылдың бакалавр дәрежесі бойынша үздік оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының жалпыұлттық рейтингін жариялады. Рейтингтің нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 29 оқу бағдарламаларының ішінде үздік деп танылды.


1-шіл-10 Шетел таңдауы – ҚазҰУ

Философия докторы жаңа бағдарламасы бойынша даярланған қазақстандық мамандар қатарын әзірге 38 түлек құрап отыр. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңес залында философия докторларының (PhD) 2010 жылғы түлектеріне салтанатты түрде диплом ұсынылды.


30-мау-10 ҚазҰУ және ЕҰУ қос дипломды магистрлерді даярлауға кірісті

Қазақстанның жетекші жоғары оқу ордалары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиеті және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қос диплом бағдарламасы бойынша магистрлерді бірлесіп дайындау жөнінде келісім жасасты. Бұл отандық кадрларды дайындау жолындағы жаңа қадам болмақ. Келісімге жоо ректорлары Бақытжан Жұмағұлов пен Бақытжан Әбдірайым қол қойды.


29-мау-10 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: әріптестік қарым-қатынасты нығайту жолында

2010 жылдың 29 маусымында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Малайзияның жетекші оқу ордасы KIM International-дың жетекшісі Датук Сарони Жудидың басшылығымен бір топ өкілдер келіп қайтты. Малайзияның Білім министрі Датук Сери Мохд Нажиб Тюн Абдул Разак (бүгінгі таңда Премьер-министр) бұл университетті 1997 жылы ашқан еді. Құрылғанына көп уақыт өтпесе де бұл университет дүние жүзі бойынша мойындалған оқу ордасы.


29-мау-10 ҚазҰУ-да Студенттер құрылыс жасағының Құрылтайы өтті

Ең алғаш рет өз аяқ алысын 1963 жылы бастау алған студенттік құрылыс жасағының қозғалысы 90-жылдары ұмыт қалған-ды. ҚазҰУ қалашығының көркеюін қалап, алдыңғы қатарлы саптан көрсету тұрғысында студенттік күш-жігердің маңызын жете түсінген университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов 2008 оқу жылынан бастап бұрынғы дәстүрдi қайта жаңғыртып, студенттер құрылыс жасағын жандандыруды қолға алды. Енді, міне жас патриоттар Алматы қаласының қорғауға алынған табиғи парктерді әрлендіріп, өз қолдарымен жаңа оқу ғимараттарының бой көтеруіне үлестерін қосып жатыр.


29-мау-10 Ұстазды ұлағаттау

23 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР ҰҒА академигі, «Құрмет» орденінің иегері, заң ғылымдарының докторы, профессор Ғ.С. Сапарғалиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі жағдайдағы Қазақстан қоғамының саяси жүйесін жетілдіру мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияда еліміздегі заң ғылымының беткеұстар ғалымдары, түлектері және Қазақстанның түкпір-түкпірінен мерейтой иесін құттықтай келген қонақтардың басын қосты.


27-мау-10 Мұхит арқылы жүргізілген PR-көпірлер

Маусым айының соңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне іс-сапармен АҚШ-тың Ұлттық коммуникация қауымдастығының (NCA) үйлестірушісі Сергей Самойленко келіп қайтты.


25-мау-10 Жапон тілінде шешендік өнер сайсысы өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жапонтану кафедрасының ұйымдастыруымен ХІV Орта-азиялық жапон тілндегі шешендік өнер сайысы өтті. Байқауға ҚР-дағы Жапония елшілігі мен қазақстандық жапон тілі оқытушыларының қауымдастығы қолдау көрсетті.


22-мау-10 Келесі жыл – ЖОО оқулықтар жылы!

Бұл жаңалықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жоғары және одан кейінгі білім беру республикалық оқу-әдістемелік кеңестің қатысушыларына Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне іс-сапармен барған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұлов хабарлады. Ректордың басшылығымен университеттің 20 топ-менеджерлері де аталмыш шараға қатысты.