Жаңалықтар

Жаңалықтар


22.06.2010 ҚазҰУ-дың химия факультеті жылдың үздігі атанды

Биылғы жылдың нәтижесі бойынша «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік факультеті» байқауының жеңімпазы химия факультеті атанды. Бұл жөнінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінде өткен отырыста жарияланды.


22.06.2010 «Алтын белгі» иегерлеріне ҚазҰУ-ға шақыру қағазы табыс етілді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өзінің ерекше «Алтын белгі» статусын растаған мектеп түлектердің мерекелік кездесуі өтті. Кеше ғана олар мектеп ғылымының биік шыңдарына ұмтылды, ал бүгін олармен ата-аналары, мектеп мұғалімдері, достары және сыныптастары мақтан етеді.


14.06.2010 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары секциясы мәжілісінің ықшам – ақпары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның ірі оқу-әдістемелік орталығы болып саналады. 2010 жылдың 15 маусымында сағ.10.00-де.
Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанында мына мекен жайда: Қарағанды қаласы, Универистетская көшесі 28, (ҚарМҰ-дың Студенттердің мәдениет Сарайында) Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары мамандықтары секциясының кезекті көшпелі мәжілісі өтеді.


11.06.2010 Философия докторларының (PhD) диссертациясы ашық түрде қорғалатын болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2010 жылғы PhD докторларының түлектері «философия докторы» академиялық дәрежесі бойынша диссертацияны ашық түрде қорғайтын болады.


10.06.2010 Корей елінің студенттері ҚазҰУ-ды таңдайды

Корейлік студенттердің тарапынан Қазақстандағы ең беделді университетте білім алуға деген қызығушылық артып келеді. Осы орайда 2008/09 оқу жылында ҚазҰУ-да білім алған Корей студентінің саны 95 болса, 2009/10 оқу жылында ҚазҰУ-дағы бұл көрсеткіш 140-қа жеткен. Бүгінгі таңда Корей студенттері ҚазҰУ-дың жазғы семестріне келуде. Бұл туралы Корея Республикасындағы Гангненг-Вонжу (Gangneung-Wonju) университеті деллигациясының әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне келген сапарында айтылды.


09.06.2010 ҚазҰУ және Дублин Университетінің қарым-қатынас нығаюда

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Дублин Университетінің өкілдері болып қайтты.
Кездесу аясында екі жақты оқытушылардың білім алмасуы, студенттік мобилділік, оқу бағдарламасын салыстыру, шетелдік бағдарламаларды игеруде оқытушылар мен студенттердің ағылшын тілін білуі, т.б. мәселелер қарастырылды. Әріптестік байланыста екі жақты дипломның маңыздылығы мен бірлескен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру жолдары талқыланды.


09.06.2010 Тұңғыш рет ҚазҰУ-да Орта Азия және Кавказ ХВҚ елдері бойынша аймақтық экономикалық шолу өтті

Таяу Шығыс және Орта Азия Халықаралық валюта қорын (ХВҚ) департаменті директорының орынбасары Дэвид Оуэн әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Орта Азия және Кавказ елдері бойынша аймақтық экономикалық шолу бастамасын жүзеге асырды.


09.06.2010 ҚазҰУ І-ші Халықаралық Жолдасбеков симпозиумына дайындық үстінде

Келесі жылдың наурыз айында Алматыда белгілі ғалым, білім және ғылым саласының майталманы, мемлекет және қоғам қайраткері Жолдасбеков Өмірбек Арсыланұлының 80 жылдығына байланысты І-ші Халықаралық Жолдасбеков симпозиумы өтеді. Бұл жөнінде академик Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өткен ұйымдастыру комитетінің алғашқы мәжілісінде талқыланды.


08.06.2010 Ағылшын тіліне оқыту методикасының жаңа бағыттары

2010 жылдың 7 маусымында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –да Жеңіс күнінің 65-жылдығына арналған «Ағылшын тіліне оқыту методикасының жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинарға Британдық Кеңестің өкілдері қатысты, МакМиллан баспасы, Алматы қаласы ЖОО-ның ағылшын тілі пәнінің оқытушылары, соның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Абай атындағы КазҰПУ, АТУ, Байланыс және коммуникациялар Академиясы, АҚҚУ, Алматы Аграрлық Университеті, Жүргенов атындағы өнер Академиясы.


07.06.2010 Инновациялық кеңес жетістікке жетуде

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен Алматы қаласының әкімшілігіне қатысты жаңа технологиялар және инновациялар бойынша алғашқы кеңесінде инновация саласына қомақты қаржыны тарту және өзекті ғылыми жетістіктерді пайдалану мәселелері қарастырылды. Бас қосуға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдіманов пен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Б. Т. Жұмағұлов басшылық етті.