Жаңалықтар

Жаңалықтар


5-мау-10 Студенттер мемлекеттік рәміздерді мақтан тұтады

4 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң, тарих пен философия және саясаттану факультеттері Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. Кездесу аясында мемлекеттік рәміздерді халық арасында кеңінен насихаттау, олардың жастар өмірінде алатын орны, тәрбиелік мәні талқыланды. Мемлекеттің айтулы мерекелерінің біріне арнап ҚазҰУ-дың 13 құрылыс жасағы «Менің Туым, менің Елтаңбам, менің Ұраным» атты мерекелік сайыстарды ұйымдастырды.


4-мау-10 ҚазҰУ-да өтетін ҰБТ-ға ата-аналар сенімді

4 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін Ұлттық бірыңғай тестке Бостандық ауданының 23 орта мектебінен 1399 оқушы қатысты. Сынақ екі күнге жалғасқан.


3-мау-10 Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Төлеген Тәжібаевтың 100- жылдық мерейтойы

2010 жылдың 10 маусымы, сағ. 10.00-да әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде академик Төлеген Тәжібаевтың 100-жылдық мерейтойына (1910-1964 ж.) арналған «Қазіргі жоғары білім берудің мәселелері: жетістіктері және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.


31-мам-10 Еуропарламент депутаты ҚазҰУ-ға келіп қайтты

29 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Еуропарламент депутаты Альфред Рубикс болып қайтты. Аталмыш кездесу жақында Астанада өткен «Қазақстан Республикасы – Еуропа одағы» атты Парламент әріптестігі комитетінің ІХ отырысы аясында өтті.


28-мам-10 Ғаламдық ойдың адамы

«Егеменді Қазақстан - әлемнің эпицентрі» - жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен студенттер қауымы мен белгілі қоғам қайраткері, жазушы Олжас Сүлейменовтың бас қосуы осылай аталды.
Аталмыш бас қосуда ҚазҰУ-дың қабырғасында өтетін дәстүрлі дәрістеріне айналды. Осы жолғы кездесу Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіздігінің дамуы мен қалыптасуына арналды.


27-мам-10 Атом энергиясына жапондық көзқарас

Атом энергиясының жапондық агенттігінің профессорлары (JAEA) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика факультетінде оқитын студенттерге ядролық энергетика бойынша дәріс оқыды.


27-мам-10 Алматыдағы студенттік субұрқағы

Субұрқақтар күнін атап өту ҚазҰУ студенттерінің дәсүрлі мерекесіне айналған. Сұбұрқақтың бұл жылғы ашылымына қазұулық жастар кең көлемді мерекелік шара әзірледі. Сонымен қатар көктемнің шырайлы мерекесі үздік университеттік оқу жылындағы емтихан кезеңінің аяқталуымен тұспа-тұс келіп отыр.


24-мам-10 Зеректердiң үркерi

2010 жылдың 17 мамырында алматы мектептерінен 92 оқушы «Уркер» төске тағатын белгіге ие болды. Дәл осы оқушылар республикалық және халықаралық олимпиадада ең үздік болып саналды. Байқап өту керек, солардың арасынан 22 қатысушы «Әл-Фараби» Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып саналады. Департамент директоры Г.Т. Балакаева дарынды оқушыларға мақтау сөздерін айтты.


21-мам-10 Көшбасшы сертификаты – түлек мүмкіндігі

ҚазҰУ-дың оқудағы және қоғамдық жұмыстағы үздік түлектері “көшбасшы сертификатына” ие болу керек. Бұл сертификат маманның жұмысқа қабылдануы үшін альма-матер тарапынан берілетін негізгі ұсыныс құжаты болмақ. Аталмыш бастама университет әкімшілігі мен студенттер тарапынан қолдау тапты.


21-мам-10 Корейтану кафедрасы сайтының презентациясы

2009 жылдың тамыз айында National Information Society Agency атты корей қоғамының Korea Internet Volunteers еріктілері Хюн Дэ Вон мен Чо Хенг Сок Қазақстанға арнайы келіп, корей бөлімінің мұғалімдері мен студенттеріне IT семинарлар өткізді. Соныменбірге IT мамандарына ақпараттық қолдау көрсетіп, оргтехника құралдарымен қамтамасыз етті.