Жаңалықтар

Жаңалықтар


8-мам-10 Берлин физикасының тарихы

2010 жылдың 5 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетінде Қазақстандағы Германияның жылына байланысты «Берлин физикасының тарихы» атты «дөңгелек үстел» өтті. Дәрісті физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Петер Эндерс оқыды.


30-сәу-10 Ұлы Жылдарға тағзым!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматыда алғашқылардың бірі болып Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойын атап өтті. Бүгін жетекші университет Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтаған болатын. 9 мамыр қарсаңында дәстүрге айналған шарада ҚазҰУ қала және университет ардагерлерімен жыл сайын бас қосып отырады.


30-сәу-10 ҚазҰУ Шанхай ынтымақтастық ұйымының Университетін ұйымдастыру жөнінде Меморандумға қол қойды

Қазақ ұлттық университеті ШЫҰ университетінің қатысушыларының базалық координаторлық жоғары оқу орыны ретінде 2010 ж. 26 сәуір күні Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәджік Республикасының жоғары оқу орындары арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Университетін ұйымдастыру жөнінде ынтымақтастық Меморандумға қол қойды.


30-сәу-10 ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасы Ресеймен кітапханаралық байланысты нығайтпақшы

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы аймақтық кітапхана Ассоциациясымен (АРБИКОН, Ресей) бірлесе отырып «Ресейдің коорпоративтік кітапханалық жоба» атты семинарын өткізді.


30-сәу-10 MADE IN KAZAKHSTAN

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес факультетінде студенттер арасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша республикалық олимпиада өтті.


29-сәу-10 ҚазҰУ-да «Жеңіс, естеліктер, Отаншылдық» республикалық байқаудың нәтижелері шықты

28 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жеңіс, естеліктер, Отаншылдық» тақырыбына арналған республикалық байқаудың нәтижелері шықты. Аталмыш байқауға жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларының соғыс жылдарына арналған үздік шығармалары қатысты. Шығарма жазуда фотосуреттер мен материалдар негіз болды. Республикалық байқау 2009 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2010 жылдың 31 наурызы аралығында өтті.


28-сәу-10 ҚазҰУ-дың құрама командасы Ұлттық студенттік SIFE-Қазақстан бизнес-жобасы чемпионатында табысқа қол жеткізді

28 сәуірде Алматы қаласында «SIFE» халықаралық студенттік ұйымының Ұлттық чемпионаты өткізілді (Students In Free Enterprise). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрама командасында экономика және бизнес, механика және математика және халықаралық қатынастар факультеттерінің 25 студенті бар. Команда капитаны экономика және бизнес факультетінің студенті Құрманғалиев Рауан.


26-сәу-10 «Әл-Фараби» олимпиадасының жеңімпаздары ҚазҰУ студенттері атанды

Олимпиаданың 42 жүлдегері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері атанатын болды. ҚазҰУ-да өткен «әл-Фараби» олимпиадасының қортындысы осылай деп шешілді.

Салтанатты жабылу рәсімінде ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов болашақ студенттер мен қатысушыларды алғы сөзбен қарсы алды.


26-сәу-10 Апталық дайджест 19.04.2010 – 24.04.2010
  • ҚазҰУ-да республикалық әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.
  • ҚазҰУ-дың студенттік құрылыс жасағы 28 жауынгер-панфиловшылар паркінде сенбілік өткізді.
  • ҚазҰУ-дың І-ші студенттік Медиа форумы (журфак).
  • І-ші Инновациялық форум.
  • «Қазақстан Республикасының президенттік институты: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылуы.

22-сәу-10 «Қазақстан Республикасының президенттік институты: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Бүгін, 22 сәуірде Алматыда Қабылдау үйінде Қазақстандағы президенттік институттың құрылғанына 20 жыл толуына байланысты «Қазақстан Республикасының президенттік институты: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.