- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

19 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлы Отан соғысының 65-жылдық мерейтойына арналған студенттер арасындағы республикалық «Ұлы жылдарға тағзым!» атты сахналанған әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.
20.04.2010 ЫҚШАМ – АҚПАР
2010 жылдың 21 сәуірі сағ. 11.00 – 13.00. VIII Халықаралық Еуразия Медиа Форумының қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ҚазҰУ-дың студенттік медиа форумы» атты жаңа медиа жобаның тұсауы кесіледі.

Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ҚР пермьер-министрдің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, жоғары оқу ордалары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, өндірістік орындар мен бизнес қауымдастықтардың қатысуымен І Инновациялық конвент өткен еді.
19.04.2010 Апталық дайджест 12.042010 – 17.04 2010
- «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы.
- ҚазҰУ-дың экономика және бизнес факультетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша республикалық олимпиада өтті.
- ҚазҰУ-дың заңгер студенттері Жеткіншектерді мерзімді бас бостандығынан айыру, адаптациялау және қалпына келтіру орталығына барып қайтты.
- Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы бір үзік сыр.

14 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мұражайында ардагерлердің қатысуымен Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған «Жауынгер тәлімі» атты бас қосу рәсімі өтті.
Емен ағашының тамырындай тереңге бойлаған қарашаңырақ - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы мен ҚазҰУ ардагерлер кеңестерінің мүшелері қонақтап қайтты.

2010 жылдың 14-16 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Мемлекеттік қан орталығы және Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бірлесуімен «Донор күні» өткізілді.

14 сәуірде мемлекеттің жетекші оқу ордасының бірі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері «Студенттік өмір» интернет-порталын іске қосты.
ҚазҰУ жастарының интернет-порталы – бұл біздің «Сыныптастар», «Байланыста» және т.б. әлеуметтік желілерге деген жауабымыз дейді студенттер.
14.04.2010 Алматы қаласының І Инновациялық конвенті
2010 жылдың 15 сәуірінде сағ. 10.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында І Инновациялық конвенті өтеді. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың интеллектуалдық ұлт құру қажеттілігі жөніндегі идеясы арқау болды.

2010 жылдың 12 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дың халықаралық білім беру орталығы, ҚазҰУ-дың шетелдік азаматтарға арналған дайындық және филология факультеттерінің ұйымдастыруымен «ТМД және Балтық елдерінің орыс тілі және мәдениет фестивалі» өтті.
14.04.2010 ҚазҰУ-да математика, механика, информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу бойынша республикалық студенттік олимпиада өз мәресіне жетті
2010 жылдың 11 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде математика, механика, информатика, математикалық және компьютерлік модельдеу мамандықтары бойынша студенттер арасында республикалық олимпиада аяқталған еді. Мұндай шараларды ұйымдастырудағы басты мақсат – жастарды білім мен ғылымға баулу.