Жаңалықтар

Жаңалықтар


1-сәу-10 Мысырда ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының бөлімшесі ашылды

Жақында Араб Республикасының астанасы Мысырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түлектер қауымдастығы ашылды. Шетелде қауымдастық бөлімшесінің ашылуы – Каирге ҚазҰУ өкілдерін бастап барған ректор Бақытжан Жұмағұловтың Мысырда білім алып, жұмыс істеп жүрген қазақстандық студенттермен кездесудің жемісі деп білеміз. Кездесуге Мысырдан, Сирия мен Мороккодан келген ҚазҰУ-дың 50-ден астам студенті Қазақстанның сыртқы және ішкі саяси мәселелерін, тұрмыстық жағдайы мен оқу жүйесін сөз етті.


1-сәу-10 «Студенттік көктем - 2010» фестивалі

26 наурызда Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «Студенттік көктем - 2010» көркемөнерпаздар байқауының гала-концерті өтті. Ректор Бақытжан Жұмағұлов 28 шығармашылық бағытта өнерімен тәнті еткен үздіктерді дипломмен және сыйлықтармен марапттады. Сондай-ақ, фестивальға қатысқан талантты студенттердің шығармашылығын жоғары бағалап, аталмыш шараның ұйымдастырушыларына шексіз алғысын білдірді.


1-сәу-10 Апталық дайджест 22.03.2010 – 27.03.2010
  • ҚазҰУ студенттері Алматы облысы Қызылағаш ауылының Ақсу ауданында су тасқынынан жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсетті.
  • Қала әкімі ЖОО ректорларымен жастар мәселесін талқылады.
  • «Студенттік көктем-2010» фестивалі.
  • ҚазҰУ кубогына арналған Брейн-Ринг ойыны бойынша турнир өтті (химия факультеті).
  • ҚазҰУ және «Алматы» баскетбол клубы достасты.

30-нау-10 ҚазҰУ Жас тілшілердің ІІ Форумын өткізеді

2010 жылдың 31 наурызында сағ. 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Жас тілшілердің ІІ форумы өтеді. Форумға кәсіби өмірін журналистикаға, баспа ісіне және PR-ға арнаймын деп шешкен оқушылар қатысады. Жас тілшілер форумы Қазақстан мен ТМД аумағындағы дәстүрі қалыптасып, тарихи тереңде жатқан журналистика факультетін болашақ талапкерлерге таныстыру мақсатында өтпек. Нақ осы факультетті еліміздегі БАҚ, баспа, жарнама және PR-агенттіктерінде жұмыс істеп жүрген кәсіби журналистер, баспагерлер, қоғаммен байланыс мамандары тәмамдаған.


30-нау-10 ҚазҰУ-дің Жұмыс беру Одағының бірінші отырысы

Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 19 наурыз жұма күні ҚазҰУ-дің Жұмыс беру Одағының бірінші отырысы “Казатомпром” ҰАК-нің төрағасы болып сайланған президенті Владимир Школьниктің қатысуымен өтті.


25-нау-10 Апталық дайджест 15.03.2010 – 19.03.2010
  • ҚазҰУ-да «Қазақстанның мемлекеттік ақпарат саясаты: болашаққа көзқарас» атты оқулықтың тұсаукесер рәсімі өтті (журфак).
  • ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы халлықа жолдауы аясындағы Қазақстанның ЕҚЫҰ-да Төрағалығы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
  • «әл-Фараби-2010» Олимпиадасы.
  • ҚазҰУ студенттері Алматы облысы Қызылағаш ауылының Ақсу ауданында су тасқынынан жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсетті.

18-нау-10 Біз сіздермен біргеміз!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері Алматы облысында болған табиғи апатқа алғашқылардың бірі болып үн қатты. ЖОО-ның 20 мың студенті Қызылағаш елді мекенінде орын алған қайғылы оқиғаға бүкіл Қазақстан халқы өз көңілін білдіріп, Елбасымыздың бастамасымен зұламат алапат құрбандарына қолдарынан келгенше көмек көрсетуге әзір екендігін мәлімдеді.


17-нау-10 Қазақ ұлттық университетінде студенттік билетке күрес басталып кетті

Еліміздің ең басты ЖОО-да аяқ алып жүре алмайсыз. 2010 ж. 13 наурызында Қазақ ұлттық университеті өзінің болашақ талапкерлерін «Аль-Фараби» олимпидасында пәндер бойынша тестілеуден өткізді. 11 мыңға жуық адам өздерінің білімін тексеру мүмкүндігін пайдаланды. Бұл университет рекордтарының бірі ғана емес. Ұлттық аккредиттік орталық алғаш рет халықаралық үлгі бойынша ЖОО орындарының аккредиттік қорытындысын жасады. Ұлттық аккредитті табысты өткізген алғашқы отандық ЖОО, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды.


16-нау-10 Апталық дайджест 08.03.2010 – 13.03.2010
  • Жолдауға қолдау
  • ҚазҰУ басшыларының жарияланымдары
  • Тақырып жалғасы: ҚазҰУ-да неміс профессоры Герд Велинг дәріс оқыды. (халықаралық қатынастар факультеті).
  • ҚазҰУ профессоры Жақан Молдабековтың басшылығымен «Қазақтану» мектебі ашылды.
  • Қала әкімі ЖОО ректорларымен жастар саясатын талқылады.

13-нау-10 Қазақстан және Еуроодақ мемлекеттерін интеграциялау

12 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Интеграция мен модернизация үрдісіндегі Орталық Азия мен Еуропа тарихының концептуалдық мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Аталмыш шара Қазақстандағы Германия жылына арналған.