Жаңалықтар

Жаңалықтар


13-нау-10 «Қазақ газеттерінің» 10 жылдық табысты еңбегі!

11 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақ газеттері» ЖШС-ның құрылғанына 10 жыл толуына байланысты «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық процестер: PR, БАҚ менеджменті және маркетингі» атты халықаралық ғылыми-практиалық конференциясы өтті. Аталмыш шараны ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ұйымдастырған болатын.


11-нау-10 «БІРГЕМІЗ! БІЗ ШЫЛЫМ, ІШІМДІК ПЕН ЕСІРТКІНІ ЖЕҢЕМІЗ» АКЦИЯСЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып 2009 жылы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «БІРГЕМІЗ! БІЗ ШЫЛЫМ, ІШІМДІК ПЕН ЕСІРТКІНІ ЖЕҢЕМІЗ» атты Республикалық жастар кампаниясын өткізді.


10-нау-10 «Қазақ газеттері» медиахолдингі 10 жаста!

11 наурызда сағ. 10.30-да әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазақ газеттері» ЖШС-ның құрылғанына 10 жыл толуына байланысты «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық процестер: PR, БАҚ менеджменті және маркетингі» атты халықаралық ғылыми-практиалық конференциясы өтеді. Аталмыш шараны ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ұйымдастырып отыр.


10-нау-10 Апталық дайджест 01.03.2010 - 06.03.2010
  • ҚазҰУ-да неміс профессоры Герд Велинг дәріс оқыды. (ХҚФ).
  • ГФР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі Райнер Ойген Шлагетердің қатысуымен «Елшілік сағаты» өтті (ХҚФ).
  • Астанада ҚазҰУ профессоры Ләйлә Ахметованың кітабының тұсаукесері өтті (журфак).
  • ҚазҰУ үздіктерінің отырысы.
  • ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков ҚазҰУ студенттерімен жүздесті.

4-нау-10 Университет даму стратегиясындағы басты тапсырмалардың бірі – ҚазҰУ оқытушыларының біліктіліктілігін арттыруы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаңа стратегиялық даму жоспары мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа менеджмент арқылы - жаңа сапалы мамандарды дайындау» тапсырмасы аясында Біліктілікті арттыру институты университетіміз оқытушыларының жақын және алыс шет елдерде біліктілігін арттыруын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Б.Т. Жұмағұловтың басшылығымен іске асырада.


4-нау-10 Германия Федеративті Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Райнер Ойген Шлагетер

«Сіздердің Елбасыларыңыз білім саласына қосып жатқан үлесі зор.
Бұл бәріне ортақ үлгі!»


4-нау-10 ҚазҰУ-да Германия профессоры дәріс оқыды

23-24 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Фридрих Эберт атындағы қордың және сол қордың Орталық Азиядағы үйлестірушісі Вульф Лапинстың жеке қолдауымен Герд Велингтің ашық дәрісі өтті.


2-нау-10 Жастар – біздің болашағымыздың кепілі

25 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков «Жастар - біздің болашағымыздың кепілі» тақырыбында Алматы қаласының студент жастарымен кездесті.


2-нау-10 Апталық дайджест 22.02.2010-27.02.2010
  • Қазақстанның белгілі қоғам қайраткері және ғалым Төлеген Тәжібаев 100 жаста!
  • ҚазҰУ-да жалпыуниверситеттік тіркеу бөлімі іске қосылды.
  • ҚазҰУ-да «Интеллектуалды ұлт: Білім. Ғылым. Инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
  • ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков ҚазҰУ студенттерімен жүздесті.

1-нау-10 Көрнекті қайраткер, ғалым әрі педагог Төлеген Тәжібаевтың 100 жылдығына ҒАЛЫМ. ҰСТАЗ. ТҰЛҒА

23 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақ КСР ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымының тұңғыш докторы, профессор, Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті. Ғылым қоғамдастығы мен университет басшылығы Университет тарихы мұражайындағы жаңа галереясында қазақтың көрнекті қайраткері әрі ғалымына арналған экспозициясы алдына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.