- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне QS рейтингінің негізін қалаушы және Президенті Нунцио Квакварелли арнайы келіп, ҚазҰУ басшылығы мен ұжымын жеткен жетістіктерімен құттықтады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен жылдан бастап көшбасшылық дәріс оқу дәстүрі қалыптасты. Республика күні мерекесі қарсаңында білім алушы жастармен жүздесіп, дәріс оқуға әділет генерал-майоры, ҚР прокуратурасының құрметті қызметкері, заңгер Мұхтар Жөргенбаев арнайы келді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық ғылым академиясы Әлеуметтану бөлімінің кезекті отырысын өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университетінің халықаралық қатынастар және бағдарламалар жөніндегі проректоры Неман Мурадлымен кездесті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алғаш рет QS Азия өңірі жоғары оқу орындарының рейтингіне еніп, 44-орынға ие болды. Сондай-ақ, ҚазҰУ «QS Asia University Rankings 2023: Орталық Азия» рейтингінде 1-ші орын алып, Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны болып танылды. 2023 жылғы шығарылымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS Asia University Rankings рейтингінде үздік 6% қатарына енді.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №36 (1860) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласы әкімдігі, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасымен бірлесе отырып, 2022 жылдың 2 желтоқсанында «ШЫҒЫСТАНУ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Профессор Талант Мауқанұлы – Вашингтон университеті Таяу Шығыс тілдері мен мәдениеттері кафедрасының доценті, Түркі және Орталық Еуразиялық зерттеулер бөлімінің директоры. Сонымен қатар Антропология кафедрасының, Лингвистика кафедрасының және Азиялық тілдер мен әдебиеті кафедрасының адъюнкт-оқытушысы. UW-ге келгенге дейін ол Индиана университетінде (Блумингтон) және Висконсин (Мэдисон) университеттерінде қызмет атқарды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 17 қазаннан 22 қараша аралығында Республика күніне арналған Күзгі спартакиада өтіп жатыр. Күзгі спартакиада аясында 5 қарашада Әл-Фараби кешенінің №1 спорт залында ҚазҰУ студенттері арасында жалпы университеттік "Эстафета" іс-шарасы ұйымдастырылды.

(31.10.2022-04.11.2022 жыл)