Жаңалықтар

Жаңалықтар


14-қаң-10 Апталық дайджест 28.12.2009 – 09.01.2010
  • Тақырып жалғасы: Ә.Кекілбаев ҚазҰУ-дың құрметті пофессоры.
  • Жаңа Қазақстанның жаңа мұражайы ашылды.
  • «Казахстанская правда» газетінің 90-жылдығымен құттықтау.
  • ҚазҰУ-дағы қысқы спартакиада.

31-жел-09 Қысқы сессияны мерзімінен бұрын тапсыру

Тұңғыш рет әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері қысқы сессияны мерзімінен бұрын тапсырып, жаңа жыл мерекесін отбасылық ыстық ортада қарсы алады. Бұл оқу орын тәжірибесіндегі ерекше оқиға. Әдеттегі қысқы сессия жаңа жалдық мерекемен тұспа-тұс келетіндігі бәріне аян. Ел болып мейрамға дайындалып, дүрлігіп жүргенде студенттер қауымы емтихан сұрақтарынан бас алмайтын. Бұл бұрынғы жағдай.


30-жел-09 Қазақстанда Жапония мен жапон тілінің білгірлері алғашқы кездесуін өткізді

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде «Жапонтану: қазақстандық және шетелдік тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.


30-жел-09 Мансап секторы және Еуразиялық банк жаңа кезендегі менеджерлерді дайындаудың инновациялық бағдарламасын іске асырады

Еуразиялық банк жаңа кезендегі банк бизнесінің беделді менеджерлерінің дайындауға арналған Қазақстанда теңдесі жоқ инновациялық, кең ауқымды бағдарламаны іске асырады.


29-жел-09 Аңдатпа. Жаңа Қазақстанның жаңа мұражайы

Жаңа жыл қарсаңында 2009 жылдың 30 желтоқсанында сағат 12.00-де орталық, ведомствалық және университеттік мұражай және архив директорлары мен мамандары университеттің жаңа мұражайының ашылу салтанатын тамашалау үшін Қазақ ұлттық университетіне жиналады. Мұражайдың ресми ашылуы 2009 жылдың 13 қазанында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келуі барысында болды.


29-жел-09 Еліміздің басты жоғарғы оқу орны келесі жылдың талапкерлеріне ұнайтын мамандығын таңдауға көмектесуді ойластыруда

АЛМАТЫ. 25 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ /Елена Ильинская/ - Жыл аяқталмай-ақ, еліміздің басты жоғарғы оқу орны келесі жылдың талапкерлеріне ұнайтын мамандығын таңдауға және ҰБТ-ға дайындалуға көмектесу мәселелері жайында ойлануда. Бұл жайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі департамент директоры, профессор Гүлнар Балақаева баяндады.


25-жел-09 Ғалым әрі ұйымдастырушы тұлға

23 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің 75-жылдық мерейтойы жылында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, егеменді Қазақстанның тұңғыш Білім Министрі Шайсұлтан Шаяхметұлы Шаяхметовты еске алуға арналған «Химиялық білім беру саласының қазіргі заманғы мәселелері» атты ғылыми конференция өткізді.


24-жел-09 Әбіш Кекілбаев ҚазҰУ-дың құрметті профессоры атанды

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті өзінің түлегі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік және ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлықтары мен Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаевтың 70 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.


23-жел-09 ҚазҰУ-да отандық экономиканың инновациялық белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды

Экономика және бизнес факультетінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығы мен экономика және бизнес факультетінің құрылғанына 60 жыл толуына байланысты «ҚР экономикасындағы инновациялық белсенділікті арттырудың қаржылық механизмі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.


23-жел-09 «Қазақстандағы парламентаризм: жағдайы және дамуының жаңа болжамдары» тақырыбына өткізілген конференция туралы қысқаша ақпарат

2009 жылдың 10 желтоқсанда Астана қаласы, «Дипломат» қонақүйінің конференц-залында «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм Институтымен «Қазақстандағы парламентаризм: жағдайы және дамуының жаңа болжамдары» тақырыбына ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.