Жаңалықтар

Жаңалықтар


26-қар-09 Еуразиялық банктің төрағасы отбасымен бірге студенттерге грант орындарын бөлді

«Еуразиялық банк» АҚ басқармасының төрағасы Майкл Эгглтон және оның жұбайы Ребекка экономика саласы бойынша үш жылға білім алу үшін қазақстандық ЖОО-ның бес студентіне грант орындарын бөлмекші.


26-қар-09 ҚазҰУ-да “Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болу перспективасы ” атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

26 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті мен ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Астандағы ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесе отырып, "Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға болу перспективалары" атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Аталмыш конференция үш жылға арналған «2010 жыл: Қазақстан Республикасы - ЕҚЫҰ-ның Төрағасы» атты жоба аясында ұйымдастырылды.


26-қар-09 Үнді бишілер ҚазҰУ-ды өнерімен тәнті етті

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің үлкен акт залында Қазақстан Республикасындағы үнді мәдениетінің фестивалі аясында Үндістанның бишілер тобы арнайы концерттік бағдарламасын өткізді. Әртістерді Қазақстан Республикасындағы Үндістанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ашок Саджанхар бастап жүрді.


26-қар-09 ҚазҰУ-да студенттік тәртіп сақтау жасағының алғашқы отырысы болды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласының студенттік тәртіп сақтау жасақтарының бірінші қалалық слеті өтті.


26-қар-09 Мемлекеттік білім стандарттарының жалпыға ортақтығы

19 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстанның жетекші ЖОО проректорларының қатысуымен Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары секциясының кезекті мәжілісі өтті.


26-қар-09 Апталық дайджест 16.11.2009 – 21.11.2009
  • Елбасының тікелей желіде қазақстандықтардың сұрақтарына жауап беруінен кейінгі туған ҚазҰУ ғалымдарының пікірі.
  • ҚазҰУ-да «Абырой» қоғамдық кеңес беру кеңесінің мүшесі, генерал-майор М. Қалматаевпен кездесу өтті.
  • ҚазҰУ эдвайзерлерінің «Интеллектуалды ұлт - 2020» бағдарламасы аясында Қазақстан ЖОО қоғамына үндеуі.
  • ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары секциясының кезекті мәжілісі өтті.

20-қар-09 Апталық дайджест 09.11.2009 – 14.11.2009
  • ҚазҰУ-да «Қазақстандағы мемлекеттік ақпараттық саясат: болашаққа көзқарас» республикалық конференциясы өтті.
  • Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ҚазҰУ-дағы дәрісін талқылаймыз.
  • ҚазҰУ-ға Түркияның Ұлттық өнімділік орталығының өкілдері келіп қайтты.
  • Елбасының тікелей желіде қазақстандықтардың сұрақтарына жауап беруінен кейінгі туған ҚазҰУ ғалымдарының пікірі.

20-қар-09 ҚазҰУ шаңырағына Ұлттық өнімділік орталығының өкілдері келді

12 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Бас хатшы және Басқару кеңесінің мүшесі Керім УНАЛ, басқару кеңесінің мүшесі Мехмет ЕРОГЛУ,«16-шы Бүкіләдемдік өнімділік конгресі» ұйымдастыру комитетінің үйлестірушісі Расим ЙЫЛМАЗ, халықаралық қатынастар департаментінің маманы Гюзде ДЖУДЖЕ бастаған Ұлттық өнімділік орталығының өкілдері (ҰӨО) болып қайтты.


20-қар-09 Кітап ісінің шеберлері журфакта дәріс оқиды

Қарашаның 12-і күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультетінің ұйымдастыруымен қазақстандық баспагерлер мен баспаханашылар және кітап таратушылар дөңгелек үстелде бас қосты.


20-қар-09 Үздіктер мен лайықтылар марапатталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры академик Б.Т.Жұмағұлов үздік оқытушыларды, ғалымдар мен университет қызметкерлерін еліміздегі іргелі оқу орынның айтулы мерейтойына орай ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Туризм және спорт министрлігінің төс белгілерімен және дипломдарымен марапаттады. Марапаттау рәсімі механика-математика факультетінің мәжіліс залында өтті. (ҚазҰУ қалашығы).