- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
10.11.2009 ҚазҰУ студенттеріне POSKO стипендиясы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мәжіліс залында Корей Республикасының POSKO сталь құйатын концерні Азиялық қорының POSKO TJ Park Foundation халықаралық ұйымының стипендясын табыстады. Салтанатты табыстау рәсімінің ресми бөлігін өткізу үшін бағдарлама директоры Mr.Yang Jaewoon, сондай-ақ менеджері Ms. Jeong, Sun Hee келді. Салтанатты университеттің бірінші проректоры З.А.Мансұров мырза ашты.
10.11.2009 Апталық дайджест 19.10.2009 – 25.10.2009
- ҚазҰУ-да ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев актілік дәрісін оқыды.
- ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция: «ХХI ғасыр университеттері: инновациялар және жаңа технологиялар».
- ҚазҰУ Халықаралық математикалық олимпиаданың эстафетасын қабылдады.
- «Қазіргі геосаяси жағдайдағы Қазақстан Республикасы мен НАТО-ның ынтымақтастығы» тақырыбында студенттік конференция өтті.
10.11.2009 Апталық дайджест 12.10.2009 –18.10.2009
- ҚазҰУ-да ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев актілік дәрісін оқыды.
- «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойы» айдары.
- Мерейтойға арналған «ҚазҰУ - білім беру мен ғылымның көшбасшысы!» атты БАҚ арасындағы ашық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі.
- ҚазҰУ жастарының интернет орталығы ашылды.
- ...
09.11.2009 Апталық дайджест 05.10.2009 – 11.10.2009
- Шығыстану факультетінде Түркия Республикасы ТІКА агенттігі тарапынан сыйға тартқан мультимедиялық кабинеті мен кітапханасының ресми ашылу салтанаты өтті.
- «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойы» айдары.
- ҚазҰУ профессоры «Бухгалтердің алтын жұлдызымен» марапатталды.
- ҚазҰУ Түлектер ассоциациясы президиумының алғашқы отырысы.
- ...
05.11.2009 Жетекші жоғары оқу орындары эдвайзерлерінің Қазақстан ЖОО қоғамына үндеуі
Жыл сайын өтетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамының жалпы жиынында:«Білім мен ғылымның әлемдік кеңістігіне қадам басып, алдына үлкен мақсаттарды жоспарлап отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстанның студент жастарын кәсіби біліктілікке, адамгершілік пен рухани кемелділікке тәрбиелеу ісіндегі өзінің жауапкершілігін толық сезінеді және де қазақстандық зиялы қауымды Елбасы ұсынған «Интеллектуалды ұлт - 2020» жобасын жүзеге асыру жолында бар күшті жұмылдыруға шақырады.
05.11.2009 Қазақстан студенттерінің гвардияшылары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әр жылдарда комсомол студенттік қозғалысын басқарған көшбасшылармен кездесу өтті. Бұл ерекше кездесу Қазақстан студенттер элитасын құрайтын ҚазҰУ-дың студенттері үшін мерейтойлық жылдың жарқын белгісіндей болды.
05.11.2009 ҚазҰУ және Канаданың Саскачеван ауданы байланыс орнатты
27 қазанда Қазақстан мен Канаданың Саскачеван ауданы арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Саскачеван ауданының кәсіпкерлік, энергетика, сауда және инвестиция министрі Кен Шевельдэйоффтың басшылығымен канадалық өкілдер арнайы іс-сапармен келді.
05.11.2009 М.В. Ломоносов атындағы ММУ күндерінің салтанатты ашылуы
75-жылдық меретойы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ күндерінің салтанатты ашылуы болды.
04.11.2009 Эдвайзерлермен жыл сайын өткізілетін кездесу
2009 жылдың 2 қарашасында Биология факультетінің Үлкен акт залында ректордың эдвайзерлермен жыл сайын кездесуі өтті. Кездесу барысында университет ректоры Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов өткен оқу жылынын жұмыстарының нәтижесін келтіріп және ағымдағы жылдың мәселелерін белгіледі. Оқу жұмысы жөніндегі проректор Орынханов Мұрат Қадесұлы «Эдвайзерлер жұмысының нәтижелері мен келешегі» атты баяндама жасады. Сонымен қатар, білім беру сапасы, университеттегі Интранет жүйесінің функцияларын кеңейту, пәндердің таңдамалылығы, кафедралардың стратегиялық жұмысы жөнінде баяндамалар жасалды.
28.10.2009 ҚазҰУ халықаралық математикалық олимпиадасының халықаралық туын қабылдап алды
21-ші қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Механика-математикалық факультетінің Қызыл залында Халықаралық математикалық олимпиада туын ресми түрде Қазақстанға тапсыру салтанаты болды.