- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Мемлекет және қоғам қайраткерлері – ақын, драматург Нұрлан Оразалин, жазушы баспагер Әшірбек Көпішев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, «Қазақ газеттері» ЖШС басшысы Шәмшидин Пәттеев және басқа да елімізге белгілі журналистер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің жұмысымен танысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза атындағы аудитория ашылды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, «Қазақ газеттері» ЖШС басшысы Шәмшидин Пәттеев, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Қайнар Олжай, Нұржан Жалауқызы және т.б. танымал бас редакторлар жуырда күрделі жөндеуден өткен №5 жатақханаға арнайы барып, тыныс-тіршілігімен танысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінде Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ақпарат және коммуникациялар департаментінің қызметімен және күрделі жөндеуден өткен жұмыс орнымен танысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да күзгі спартакиада аясында ұйымдастырылған студенттер арасында эстафета өтетінін хабарлаймыз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде М.В.Ломоносов атындағы ММУ профессоры Сүлейман Аллахвердиев «Баламалы энергетика: жетістіктер, проблемалар мен перспективалар» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 356 орындық №5 жатақханасы күрделі жөндеуден өтіп, журналистика факультетінің студенттеріне салтанатты түрде қайта берілді. Осыған орай, оқу орнында БАҚ өкілдеріне арналған арнайы баспасөз туры ұйымдастырылды.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №35 (1859) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің 3-курс студенті Алтынай Мәлікаждароваға Батыр Қазыбаев атындағы шәкіртақы табысталды.