Жаңалықтар

Жаңалықтар


04.09.2009 Конституция – мүлтіксіз орындалатын заң

27 тамыз. Қазақ ұлттық университеті ҚР Ата заңы күні қарсаңында Алматы қаласындағы ғалымдар мен ұстаздар қауымын «Конституция - Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретінде тұрақты және қауіпсіз дамуының негізі» тақырыбында өтетін дөңгелек үстел басында жиналды.


03.09.2009 Конституция күні қарсаңында ҚазҰУ қосымша грант орындарын бөлді

26 тамызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұлов «Алтын белгі» иегерлері, сондай-ақ, республикалық және халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздарына университет грантының сертификаттарын табыстады.


03.09.2009 ҚазҰУ грант орындарын көбейтті

Биыл 75-жылдық мерейтойын атап өткелі отырған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқуға қабылдау науқаны кейбір талапкерлер үшін табысты болды. Атап айтсақ, олар ҚазҰУ-ға құжат тапсырған, алайда мемлекеттік грантқа қолы жетпеген «Алтын белгі» иегерлері, сондай-ақ, республикалық және халықаралық байқаулар мен олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары. Осы талапкерлер ҚазҰУ-дың оқу гранттарында оқитын болады.


03.09.2009 Апталық дайджест 17.08.2009 – 22.08.2009
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойына арналады.
  • ҚР Конституция күніне арналған жарияланымдар.
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өрт қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді белсенді түрде шешуде.
  • Үкімет билігі студенттерді мемлекеттік несиелеу жұмыстарын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

27.08.2009 Хабиболла Оспановтың ғылыми жаңалықтары

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Хабиболла Оспанов Ғылыми жаңалық авторларының халықаралық ассоциациясының алтын медалімен және дипломымен марапатталды. Қазақстандық ғалым № 373 «Еритін реагенттердің әсерінің өзгермелі заңдылықтар әрекеті мен қатты заттың сұйықтыққа айналу шекарасында өтетін бәсекелес реакция жүруінің салдары» жаңалығы атты дипломын иеленді.


21.08.2009 Апталық дайджест 10.08.2009 – 15.08.2009
  • Тақырып жалғасы: ҚазҰУ СҚЖ-ның жиыны.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.

21.08.2009 Апталық дайджест 03.08.2009 – 08.08.2009
  • Тақырып жалғасы: ҚазҰУ СҚЖ-ның жиыны.
  • Тақырып жалғасы: Ыстық көлде ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойына арналған «Нептун күні» атты мерекелік шарасы өтті.

12.08.2009 Апталық дайджест 27.07.2009 – 01.08.2009
  • Тақырып жалғасы: Түркі тілдес елдердің ІІІ Математикалық конгресі.
  • Журналистика факультетінде журналист-жазушы, ғалым Сапар Байжановтың публицистикалық мұрасынан кандидаттық диссертация қорғалды.
  • ҚазҰУ СҚЖ жиынның ашылу салтанаты.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • Имидждік жарияланымдар.
  • ҚазҰУ студенттерінің жарияланымдары.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

12.08.2009 ҚазҰУ студенттер жасағының жиыны

Жаз мезгілінің аяқталысымен студенттік құрылыс жасағы да өзінің жазғы жұмысын тәмамдады. Биылғы мерейтойлық шара ҚазҰУ-дың 150 студенттік жасағы үшін аса мәнді өтті. Алға қойылған талаптарға жауап беріп қана қоймай, жұмыстарын үздік атқарып шықты.


12.08.2009 Ертегі әлеміне саяхат

18 шілдеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойы қарсаңында университеттің Ыстықкөлдегі спорт-сауықтыру лагерінде жазғы ең көңілді «Нептун күні» мерекесі аталып өтті. Бұл шараны ҚазҰУ-дың «Парасат» қызметкерлер кәсіподағы, Студенттер клубы, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы ұйымдастырды.