- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
12.05.2009 Ричард Хоугландтың ҚазҰУ-ға жасаған алғаш сапары
Алматы. 2009 ж. 23 сәуірде Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугланд Алматыға жасаған сапары шеңберінде ҚазҰУ ректоры академик Б.Т. Жұмагұловпен кездесті.
12.05.2009 «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІІІ Халықаралық конгресі
2009 ж. 28 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 23-28 сәуір аралығында өткен «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІІІ Халықаралық конгресі қорытынды пленарлық отырыспен өз мәресіне жетті. Конгрестің жабылуында қорытындылар жасалып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Конгресс студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру және студенттердің шығармашылық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету мақсатымен ұйымдастырылған болатын.
12.05.2009 «Шығыстану білімі мен ғылымының іргелі және инновациялық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
22 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қарашаңырақтың 75 жылдық мерейтойы мен шығыстану факультетінің құрылғанына 20 жыл толуына арналған «Шығыстану білімі мен ғылымының іргелі және инновациялық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Алматы қаласы әкімшілігі, Қазақстандағы шығыс елдерінің Елшіліктері, шығыс елдеріндегі Қазақстан Елшіліктері, Елшіліктер жанындағы Мәдени орталықтар, Қазақстан корейлері Ассоциациясы, Корей Ағарту Орталығы, TIKA Түрік білім қоры, «аль-Уакф» халықаралық қайырымдылық қоры мен т.б. халықаралық гуманитарлық және білім қорлары қолдау көрсетті.
05.05.2009 ҚазҰУ мен UCL білім беру және ғылыми байланыстардың мониторингі жөнінде келісімге келді
2009 ж. 27 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Лондон Университет-Колледжінің (UCL) проректоры профессор Майкл Уортон арнайы сапармен келді.
Профессор Майкл Уортонның бұл сапары ҚазҰУ мен Лондон Университет-Колледжі арасындағы байланысты әрі қарай нығайтуды және екі ел арасындағы ғылыми және мәдени әріптестікті жалғастыруды көздеп отыр.
04.05.2009 М. Құл-Мұхаммед Елбасы Жолдауын Еліміздің жетекші ұлттық университетінде түсіндірді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері және оқытушылармен кездесті.
Министр өз алғысөзінде ҚазҰУ ұжымына сәлемін жолдап, биыл 75 жылдық мерейтойын өткізіп отырған туған университетке деген жылы лебізін білдірді. Министрдің айтуынша, ол университет қабырғасында ұлттық мәдениет өкілдері Мұхтар Әуезов, Өмірбек Жолдасбеков, Зейнолла Қабдолов, Яхия Әубәкіров және т.б. ұстаздарының жаңғырығын қайта сезінгендей болды.
04.05.2009 Апталық дайджест 20.04.2009 – 25.04.2009
- ҚазҰУ-дың Пәндік олимпиадаларының жабылу салтанаты.
- Аңдатпа: «ҚазҰУ-дың бос орындар жәрмеңкесі-2009».
- Тақырып жалғасы: ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов Германия парламентінің өкілі Манфред Грундпен кездесті.
- ҚазҰУ-дың 75 жылдығы мен шығыстану факультетінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Шығыстану білімі мен ғылымының іргелі және инновациялық мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.
- ҚазҰУ ректоры Б. Жұмағұлов АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугландпен кездесті.
- ҚазҰУ-да «Ғылым әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың ІІІ Халықаралық конгресі.
- ҚазҰУ ғалымдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын жұмысшылар ұжымына түсіндірді.
- ҚазҰУ-да мемлекеттік тілді үйренудің жаңа бағдарламасы талқыланды.
- ҚазҰУ-да «География ғылымының актуальды мәселелері» тақырыбында Жандаев оқулары Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
- ҚазҰУ-да заң клиникасы ашылды.
- «Қазақстан имиджін қалыптастырудағы отандық және шетелдік БАҚ-тың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы мен «Қазақ журналистикасы» атты үштомдықтың тұсаукесері.
- ҚазҰУ ғалымдары мен студенттері ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхамедпен кездесті.
- ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
- Имидждік жарияланымдар.
- ҚазҰУ студенттерінің жарияланымдары.
- ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.
29.04.2009 «ҚазҰУ-дың вакансия жәрмеңкесі – 2009»
24 сәуірде Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында ҚазҰУ-дың Вакансиялар жәрмеңкесі өтті. Жақсы қызмет тауып, болашақ жұмыс берушілермен танысып, өздері туралы мағлұмат тастаймын деушілер көп болды. Студенттерді уақытша және тұрақты жұмысқа белсенді түрде тартып, қызметпен қамтамасыз ететін отандық және халықаралық 44 компания қатысқан аталмыш шара ҚазҰУ қабырғасында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Алматы қаласының ЖОО-дан жұмыс іздеп келген студенттер саны екі мыңнан асты. Жәрмеңкеде қатысушылардың қызмет бабының ұсыныстарымен танысып, компаниялардың PR-менеджерлерімен әңгімелесуге және резюмелерін қалдырып кетуге мүмкіндіктері болды. ҚазҰУ-мен екеуара келісімшартқа отырған компаниялар студенттердің өндірістік тәжірибеден өтетін базаларын құрып, болашақта жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ететіндіктерін мәлімдеді.
29.04.2009 Қазақстан жоғары мектебінің іргетасын қалаған тау тұлға
2009 жылдың 17 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұлағатты ұстаз, Қазақстанның мемлекет қайраткері, м.ғ.д., профессор Асқар Закаринді еске алу кешіне арналған «Профессор А.З. Закариннің ғылыми және ұстаздық мұрасы» атты салтанатты отырыс өтті.
29.04.2009 ҚазҰУ-да қылмыскерлікпен күресу мәселелерін зерттеу жөніндегі Ғылыми-зерттеу орталық ашылды
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен «Жаһандану жағдайында трансұлттық ұйымдасқан қылмыскерлікпен және жемқорлықпен күресу проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында қылмыскерлікпен күресу мәселелерін зерттеу жөніндегі Ғылыми-зерттеу орталық пен профессор Е.Ғ Жәкішев атындағы аудитория ашылды.
28.04.2009 Еліміздің түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары «ҚазҰУ пәндік олимпиадаларының» жабылу рәсіміне жиналды
Биылғы жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «ҚазҰУ пәндік олимпиадалары» атты жаңа жоба бастау алған. Университеттің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отырған бұл жоба оқу ордасының студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа тұжырымдамасына сүйенеді.