Жаңалықтар

Жаңалықтар


28-сәу-09 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Журналистика академиясының Орталық кеңсесі ашылды

14 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Журналистика академиясы Орталық кеңсесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.


27-сәу-09 «Жаһандану жағдайындағы трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықпен күресу проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

11 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 75 жылдық мерейтойға арналған «Жаһандану жағдайындағы трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықпен күресу проблемалары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


27-сәу-09 Қазақстанда поляк университеттерінің күндері өтті

5-8 сәуір аралығында Алматы және Астана қалаларында «Еуропаға жол» атты мемлекеттік бағдарлама аясында Польшадағы Қазақстан Елшілігі мен «Perspektywy» Білім беру қорының ұйымдастыруымен «Поляк университетінің күндері» өтті. Алматыдағы «Поляк университетінің күндері» еліміздің жетекші жоғары оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті.


27-сәу-09 Бізбен есірткінің болашағы жоқ!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері нашақорлық мәселесіне немқұрайлы қарамай, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығы арқылы пайда тауып жүрген адамдармен күрес жүргізуге шақырады. Есірткіні жою шарасы «Жаһандану жағдайындағы трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және жемқорлықпен күресу проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті. ҚазҰУ-дың заң факультеті Алматы қаласының ІІД-мен бірлесе отырып осы акцияға бастама болды.


27-сәу-09 Апталық дайджест 13.04.2009 – 19.04.2009
  • ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов Германия парламентінің өкілі Манфред Грундпен кездесті.
  • ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті ашық есік күндерін өткізді.
  • Тақырып жалғасы: «Жаһандану жағдайында трансұлттық ұйымдасқан қылмысты істер және жемқорлықпен күресу проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.
  • ҚазҰУ-да Журналистер Академиясының орталық кеңсесі ашылды.
  • ҚазҰУ-дың «Супер Студент» байқауы.
  • «Қалай журналист боламын?» атты байқау.
  • ҚазҰУ ректоры Алматы қаласы мектептерінің директорлары мен үздік ұстаздарымен кездесті.
  • ҚазҰУ ғалымдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
  • ҚазҰУ-да «маркетинг» мамандығы бойынша Республикалық студенттік олимпиада өтті.
  • ҚазҰУ студенттері Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Қадыр Мырза Әлімен кездесті.
  • Аңдатпа: ҚазҰУ-дың атақты ғалым-математигі, профессор Асқар Закаринді еске алу.
  • ҚазҰУ студенттерінің бастамасымен «Help for Dana» жаңа жобасы жүзеге асырылды.
  • ҚазҰУ журналистика факультетінің студенттері БАҚ-тағы құқық саласының маманы Андрей Рихтермен кездесті.
  • ҚазҰУ Атакентте өткен «Білім және мамандық - 2009» көрмесіне қатысты.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

27-сәу-09 Апталық дайджест 06.04.2009 – 11.04.2009
  • «Оразбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.
  • ҚазҰУ-да «Поляк университеттерінің күндері» өтті.
  • ҚазҰУ-да заң клиникасы ашылды.
  • ҚазҰУ журналистика факультетінің студенттері БАҚ-тағы құқық саласының маманы Андрей Рихтермен кездесті.
  • Шолу: ҚазҰУ-да «Жаһандану жағдайында трансұлттық ұйымдасқан қылмысты істер және жемқорлықпен күресу проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция.
  • Республикалық жас тілшілер форумы.
  • ҚазҰУ ғалымдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.
  • ҚазҰУ ректоры Алматы қаласы мектептерінің директорлары мен үздік ұстаздармен кездесті.
  • ҚазҰУ-да Абай Институты ашылды.
  • ҚазҰУ-дың 75-жылдығына арналған КТК (КВН) байқауы.
  • ҚазҰУ студенттерінің «Азамат» Жастар Парламенті» атты телевизиялық жобаға қатысуы.
  • ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов геолог ғалым Қаныш Сәтпаевтың туған күнін Қазақстанның Ғылым күні етіп тағайындауды ұсынды.
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

20-сәу-09 Германия Бундестагының мүшесі Манфред Грунд ҚазҰУ-да

2009 ж. 13 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Германия Федеративтік Республикасы Христиандық Демократиялық/Христиандық Социалистік Одақ парламенттік фракциясының жетекшісі Манфред Грунд іс-сапармен келді. Сапар барысында ол университет ректоры академик Б.Т. Жұмагұловпен кездесті.


20-сәу-09 ЖОО мен мектептер арасындағы әріптестіктің жаңа бағыттары

8 сәуір күні Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұлов пен Алматының мектеп директорлары, үздік мұғалімдері арасында кездесу өтті. Басқосуға 1500-нан астам мектеп өкілдері, қалалық Білім беру департаментінің қызметкерлері қатысты.


20-сәу-09 Сандық телеарна қалыптасу кезеңіндегі ақпараттық құқық тақырыбына өткен дөңгелек үстел

7 сәуірде журналистика факультетінде телевизия саласындағы мамандардың басын қосқан «Сандық телеарна қалыптасу кезеңіндегі ақпараттық құқық» атты дөңгелек үстел өтті. Пікірталасқа қатысуға Интерньюс агенттігінің атқарушы директоры Маржан Елшібаева мен басқа өкілдері, «Зауалдағы журналист» қорының президенті Розлана Таукина, Қазақстанның Ұлттық телерадиохабартаратушылар Ассоциациясының директоры Шолпан Жақсыбаева және т.б. журналистика майталмандары шақырылды.


17-сәу-09 ҚазҰУ-да ресейлік Ақпараттық құқық мәселелері институтының директоры журналист Андрей Рихтер дәріс оқыды

Танымал журналист, заңгер, БАҚ саласындағы заңнама сарапшысы, «Заңнама және масс-медиа тәжірибесі» айлық журналының (Мәскеу) редакторы, Халықаралық заңгерлер комиссиясының мүшесі (ICJ, Женева), Халықаралық бұқаралық байланыс зерттеушілерінің ассоциациясы мүшесі Андрей Рихтер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде студенттер, магистранттар мен докторанттарға дәріс оқу мақсатында Алматыға келді.