- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің Заң клиникасы қызмет көрсете бастады. Студенттер сенатының бұл жобасы Елбасы Жолдауындағы әлеуметтік бағыттардағы міндеттемелерді жүзеге асыру мақсатында құрылып отыр.

Халықаралық күлкі күніне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да университеттің 75 жылдығына арналған Жалпыуниверситеттік КТК байқауы өтті. КТК байқауына университет факультеттері мен колледждің ең үздік командалары қатысты.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қарашаңырақтың мерейтойына арналған «75 Студенттік көктем» көркемөнерпаздар байқауы үлкен мерекелік гала-концертпен тәмамдалды. Барлық кезеңдерде студенттердің дәстүрлі де сүйікті байқауына айналған «Студенттік көктем» - ҚазҰУ студенттерінің де ең әсерлі, көңілді және ұмтылмас мерекелерінің бірі. Мерейтойлық жылда ҚазҰУ соңғы жылдары ұмыт қалған фестивальді қайта жаңғыртты.
«Студенттік көктем» фестивалі - университеттің барлық факультеттері мен колледж студенттері қатысатын кең ауқымды шығармашылық жоба. Фестиваль еліміздің студент-жастарының рухани және мәдени жетістіктерін көпшілікке әйгілеп, студенттер арасында дарындарды тауып, жан-жақты тұлға мәртебесін көтеру және студенттерді еліміз бен жоғары оқу орнының қоғамдық-мәдени өміріне тарту мақсаттарын көздейді.
16.04.2009 «Оразбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференциясы
6 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті археология және этнология кафедрасында «Оразбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті. Аталмыш шара ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арналған.

- Қазіргі тұрмыста дағдарыс сезілгенмен, университеттерге тиімділігі әлдеқайда көбірек тиіп жатыр, - дейді Ньюкасл университетінің (Ұлыбритания) ғалымдары. Ұлыбританияда көп адамдар жұмыстарын тастап, университеттерде білім алуға талпынып жатыр. Бүгінгі күннің өзекті саласы информатика болғандықтан ғалымдар осы сала бойынша ғылыми байланыстарын орнатып келеді.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби: Философия. Мәдениет. Дін» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара университеттің 75 жылдығына арналып, Алматы қаласының әкімдігі, «Қазақстан» ҰТРК қолдауымен жүзеге асты.

2009 жылдың 26-27 наурыз аралығында Алматыда «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының демеушілігімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығына арналған Республикалық құқықтық олимпиада өтті. Олимпиаданы өткізудегі басты мақсат - болашақта заң саласын ғылыми тұрғыда жаңа белестерге көтере алатын дарынды студенттерді анықтап, марапаттау.
10.04.2009 Апталық дайджест 30.03.2009 – 05.04.2009
-
«75-ші Студенттік көктем» фестивалі.
-
«әл-Фараби: Философия. Мәдениет. Дін» атты ғылыми-тәжірибелік конференция (философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен).
-
Жастар комитетінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған студенттер конференциясы.
-
Республикалық жас тілшілер форумы.
-
Химик-ғалымдардың «Өмір жолы» атты жаңа жобасы.
-
ҚазҰУ-дың 75-жылдығына арналған КТК (КВН) байқауы.
-
ҚазҰУ және Жапонияның жетекші ЖОО Васэда университеті қарым-қатынастарын нығайту мақсатында арнайы меморандумға қол қойды.
-
ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті мен «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бірлесіп ұйымдастырған «дөңгелек үстел» мәжілісі.
-
ҚазҰУ студенттерінің «Азамат» Жастар Парламенті» атты телевизиялық жобаға қатысуы.
-
ҚазҰУ-ға Ұлыбританияның Ньюкасла университеті қонақтап келді.
-
Қазақстан - Польша: «Еуропаға жетудің бірден-бір жолы - білім және ғылым саласы».
-
Шолулар:Қазақстанда поляк университеттерінің күндері өтеді. «Оразбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. ҚазҰУ-дың құқықтық клиникасы ашылады.
-
ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
-
ҚазҰУ туралы имидждік жарияланымдар.
-
ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.
10.04.2009 Апталық дайджест 23.03.2009 – 28.03.2009
-
Жастар комитетінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған студенттер конференциясы.
-
ҚазҰУ ғалымдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде.
-
Спорт шебері Темірхан Досмұхамбетовтың жүлдесіне арналған дзюдо бойынша І Халықаралық турнир.
-
ҚазҰУ-дың Республикалық құқықтық олимпиадасы.
-
ҚазҰУ-да «Суперстудент - 2009» интеллектуалды байқауы.
-
Оқушылар арасындағы ҚазҰУ-дың облыстық пәндік олимпиадалар.
-
«75-ші Студенттік көктем» фестивалі.
-
Тақырып жалғасы: «әл-Фараби: Философия. Мәдениет. Дін» атты ғылыми-тәжірибелік конференция (философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен).
-
ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
-
ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жапонияның жетекші жоғары оқу орны - Васэда (Waseda University) университетімен әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.