Жаңалықтар

Жаңалықтар


9-сәу-09 Республикалық жас тілшілер форумы

31 наурыз күні Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республикалық жас тілшілер форумы өтті. Форумға Алматының және еліміздің түкпір-түкпірінінен келген журналист болуға талабы бар 150 оқушы қатысты.


9-сәу-09 Химик-ғалымдарының «Өмір жолы» атты жаңа жобасы

Таяуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетінде ірі ғалымдардың кездесуі өтті. Жобаның ұйымдастырушылары аталмыш шараның тақырыбын «Өмір жолы» деп атауы да жайдан-жай емес. Басты мақсаты мемлекеттер мен дүниежүзіне танымалы факультеттің ұстаздары мен шәкірттерінің, әріптестері мен студенттерінің еңбегін ескеру, әрі бағалау.


9-сәу-09 Спорт шебері Темірхан Досмұхамбетовтың жүлдесіне арналған дзю-до бойынша І Халықаралық турнир

ҚазҰУ-да спорт шебері Темірхан Досмұхамбетовтың жүлдесіне арналған дзю-до бойынша І халықаралық турнир өтті.


9-сәу-09 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика факультетінің атақты түлектерінің жүздесуі

18 наурызда физика факультетінде оқытушы-ғалымдар мен студенттер атақты факультеттің түлектерімен жүздескен болатын. Кездесуге 300-ден астам оқытушылар мен студенттер қатысты. Факультет деканы А.С. Асқарова ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде баяндама жасап, Жолдаудағы: «Қазіргі әлемдік дағдарыс та өткенші құбылыс. Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде «көппен көрген ұлы той» деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бірлігін бекіте түскен», - сөзін тілге тиек етті.


7-сәу-09 Физика факультетінде Жапондық профессор дәрісін оқып жатыр

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Токио университеті және Жапонияның атом энергиясы агенттігі (ЖАЭА) жанындағы Оқу орталығының өкілі доктор Yakata Tomoyoshi-мен кездесу өтті. Кездесу университетті және физика факультетін дамыту Стратегиясын жүзеге асыру және ҚазҰУ мен Жапонияның атом энергиясы агенттігі (ЖАЭА) арасындағы болашақ білім беру саласын қолдау жөніндегі Меморандум шеңберінде өтті.


6-сәу-09 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75 жылдығына арналған «Орталық Азияның солтүстікатлантикалық келісім Ұйымымен ғылыми-техникалық әріптестік перспективалары» атты ЖОО студенттері арасындағы ғылыми конференция

ҚазҰУ-да университеттің 75 жылдығына арналған «Орталық Азияның солтүстікатлантикалық келісім Ұйымымен ғылыми-техникалық әріптестік перспективалары» атты ЖОО студенттері арасында ғылыми конференция өтті. Конференцияны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті, НАТО жайлы Ресурстық және ақпараттық орталық, НАТО-ның Қоғамдық дипломатия департаменті (Брюссель) ұйымдастырды.


6-сәу-09 Ресей-Қазақстан жұмыс тобының есептеуіш және ақпараттық технологиялар бойынша кеңесі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ресей-Қазақстан жұмыс тобының есептеуіш және ақпараттық технологиялар бойынша кеңесі өтті.

Кеңеске ҚР ҰҒА академиктері Б. Жұмағұлов, М. Өтелбаев, РФ РҒА академигі Ю. Шокин, ҚР ҰИА академиктері Н. Темірбеков, Н. Данаев қатысты.


6-сәу-09 Апталық дайджест 16.03.2009 - 21.03.2009
  • Ресей-қазақстандық жұмыс тобының есептеуіш және ақпараттық технологиялар бойынша кеңесі.
  • «Болашақтағы Орталық Азия мемлекеттерінің НАТО-мен ынтымақтастығы» атты ғылыми конференциясы (халықаралық қатынастар факультетінің ұйымдастыруымен).
  • Ресей-қазақстандық жұмыс тобының есептеуіш және ақпараттық технологиялар бойынша кеңесі.
  • ҚазҰУ ғалымдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде.
  • ҚазҰУ-да алғаш рет Конфуций институты ашылды.
  • «әл-Фараби: Философия. Мәдениет. Дін» атты ғылыми-тәжірибелік конференция (философия және саясаттану факультетінің ұйымдастыруымен).
  • Спорт шебері Темірхан Досмұхамбетовтың жүлдесіне арналған дзю-до бойынша І Халықаралық турнирдің ашылуы.
  • ҚазҰУ-дың дағдарысқа қарсы студенттік штабы «Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы жастар ұйымдарының ролі» атты дөңгелек үстел өткізді.
  • Филология факультетінің ұйымдастыруымен қазақ тілінің теориясы мен оқыту әдістемесіне арналған жеті оқулық пен оқу құралының тұсаукесері.
  • Журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Бүгінгі қазақтың әдеби сыны» атты «дөңгелек үстел» өтті.
  • ҚазҰУ ғалымдарының жарияланымдары.
  • ҚазҰУ студенттерінің жарияланымдары.
  • ҚазҰУ ғалымдары туралы.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

17-нау-09 «Жыл инженерлері» және «Инженерлік даңқ» атты халықаралық сыйлықтың иегерлері

Білім, ғылым және инженерлік инновация саласындағы халықаралық әріптестік Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының жыл сайын өтетін басқосуында басты тақырыпқа айналды. Осы жолы жиналыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтті.


10-нау-09 ҚазҰУ-да дағдарысқа қарсы жастар штабы жұмыс істеуде

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дағдарысқа қарсы студенттік штабы «Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы жастар ұйымдарының ролі» атты дөңгелек үстел өткізді.