Жаңалықтар

Жаңалықтар


10-нау-09 «БАЛАЛАРҒА ШАТТЫҚ СЫЙЛА!» атты студенттік қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық - жалпы адамзатқа тән әмбебап құндылық. Бүгінде көп адам қайырымдылықтың мәнісін жақсы түсінеді, қолдан келер көмекті аямауға тырысады. Қайырымдылық акцияларын өткізудің басты мақсаты материалдық көмек көрсетуде ғана емес, сонымен қатар адами қамқорлық пен жылулықты оған зәру жандарға сыйлау.


10-нау-09 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ана тілі аруы» байқауы өз мәресіне жетті

2009 жылдың 27 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ана тілі аруы» байқауы өткізілді. «Ана тілі аруы» байқауының ең басты мақсаты ана тіліне деген құрметті паш ету. Тәрбиенің басты құралы - тіл. Әйел-ана ұлтымыздың бойындағы бар жақсы қасиеттерді - тілін, ділін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дарытушы, дамытушы.


4-нау-09 «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: жетістіктіктері мен даму бағыттары

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері және даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.


4-нау-09 Апталық дайджест 23.02.2009 – 28.02.2009
  • ҚазҰУ-да алғаш рет Конфуций институты ашылды.
  • ҚазҰУ-дың дағдарысқа қарсы студенттік штабы «Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы жастар ұйымдарының ролі» атты дөңгелек үстел өткізді.
  • ҚазҰУ студенттері «Хабар» арнасының шығармашылық ұжымымен жүздесті.
  • ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті түлектерінің мерейтойлық кездесуі.
  • ҚазҰУ-да биологтар күні аталып өтті.
  • «Қазақстанның әлемдік дағдарыстан шығу жолдары» атты «дөңгелек үстел» (экономика факультетінің ұйымдастыруымен).
  • ҚазҰУ «Қазақстандағы ғылымның дамуы мен жас мамандарды дайындауға үлес қосқаны үшін» арнайы сыйлықпен марапатталды (Іскер - 2008).
  • Алматыда ҚазҰУ мен ҚСЗИ-дің ұйымдастыруымен Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне байланысты ғылыми форумы өтті.
  • №1 қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған «Балаларға шаттық сыйлайық» атты студенттік акция (экономика факультетінің ұйымдастыруымен).
  • ҚазҰУ-дың дағдарысқа қарсы студенттік штабы «Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайындағы жастар ұйымдарының ролі» атты дөңгелек үстел өткізді.
  • ҚазҰУ-дың 75-жылдығына арналған «ҚазҰУ - білім және ғылым саласының ұлттық көшбасшысы!» атты журналистер мен БАҚ өкілдері арасындағы байқау.
  • «ҚазҰУ ғалымдарының «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлесі: жетістіктері және даму бағыттары» (тарих факультетінің ұйымдастыруымен).
  • ҚазҰУ-да шағын футболдан жоғары топ командалары арасындағы жарыс.
  • Оқушылар арасындағы ҚазҰУ-дың облыстық пәндік олимпиадалары ашылды.

2-нау-09 «Деловар-2008»: ҚазҰУ арнайы сыйлыққа ие болды

Жуырда Қазақстанның «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасы мен Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен іскерлік әлемде танымал «Деловар» журналы тағайындаған жыл сайынғы «Деловар года-2008» рәсімінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесі мен жас мамандарды дайындауы үшін» арнайы бірінші сыйлық тапсырылды.


27-ақп-09 Дүниежүзілік Конфуций институтының бір бөлшегі – ҚазҰУ-да

23 ақпан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Конфуций институтының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Конфуций институтының ашылу салтанатына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов, шетелде қытай тілін насихаттау Қытай мемлекеттік басқармасы директорының орынбасары Джао Гуо Чен, ҚР-ғы ҚХР Елшілігінің Бас консулы Сун Лин Цзянь, Ланьчжоу (ҚХР) университетінің вице-президенті Дзинь Тау қатысты.


25-ақп-09 Апталық дайджест 16.02.2009 – 21.02.2009
  • Оқушылар арасындағы ҚазҰУ-дың облыстық пәндік олимпиадаларының ашылуы.
  • ҚазҰУ және Мысыр Араб Республикасының жоғары оқу орындары арасында болашақ әріптестік мәселелері талқыланды.
  • ҚазҰУ ғалымдары Шіліктіден Алтын адамды тапты.
  • Археология және этнология ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы.
  • «Қазақстан имиджін қалыптастырудағы отандық және шетелдік БАҚ-тың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы мен «Қазақ журналистикасы» атты үштомдықтың тұсаукесері.
  • ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлары мен студенттері ҚР Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтановпен кездесті.
  • Канада елшісі Маргарет Скок ҚазҰУ басшылығымен кездесті.
  • Жазғы универсиадаға дайындық спартакиадасы.
  • ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті түлектерінің мерейтойлық кездесуі.
  • «Қазақстан имиджін қалыптастырудағы отандық және шетелдік БАҚ-тың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
  • Шолу: ҚазҰУ-да алғаш рет Конфуций институты ашылады.
  • ҚазҰУ ғалымдарының авторлық жарияланымдары.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

25-ақп-09 әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің пәндік олимпиадасы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ҚазҰУ-дың Пәндік олимпиадалары» атты жаңа жоба ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің қатысуымен бастау алды. «Пәндік олимпиадалар» әрбір қабілетті қазақстандық оқушының сапалы білім алуына есік ашады.


25-ақп-09 Канада елішісі ҚазҰУ ректорымен білім беру саласындағы халықаралық әріптестік мәселелерін талқылады

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Е.П. Маргарет Скок арнайы сапармен келді.


19-ақп-09 ҚазҰУ және Мысыр Араб Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы болашақ әріптестік мәселелері талқыланды

Жақында Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы өкілетті елшісі Абдолла Эль-Арнуси әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы сапармен келді.