Жаңалықтар

Жаңалықтар


19.02.2009 Танымал спортшылар студенттерді Жазғы Универсиадаға дайындайды

ҚазҰУ-дың спорткешенінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75-жылдығына арналған студенттер арасындағы мерейтойлық Спартакиада ашылды.


19.02.2009 Апталық дайджест 09.02.2009 - 14.02.2009
  • ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлары мен студенттері ҚР Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтановпен кездесті.
  • ҚазҰУ-да АТЭХА-ның ұйымдастыруымен «Радионуклидтермен ластанған аймақтарды радиациялық модельдеу» Халықаралық Аймақтық мектебі ашылды.
  • Археология және этнология ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы.
  • Қазақстанның Болон үдерісіне қосылу жөніндегі отырыс жұмысы ашылды.
  • «Қазақстан имиджін қалыптастырудағы отандық және шетелдік БАҚ-тың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы мен «Қазақ журналистикасы» атты үштомдықтың тұсаукесері.
  • Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жыл толуына байланысты Саяси кеңес бюросының отырысы өтті.
  • Шолу: ҚазҰУ-дың 75-жылдығына арналған студенттер арасындағы мерейтойлық Спартакиада ашылады.
  • ҚазҰУ мен МАР-дың жоғары оқу орындары арасында болашақ әріптестік қарым-қатынас мәселелері талқыланды.
  • Шолу: Тақырыптық олимпиадалар.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

16.02.2009 ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары Сенат депутатымен кездесті

2009 жылдың 9 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар ұжымы мен студенттері ҚР Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтановпен кездесті.


16.02.2009 Қазақстан имиджін қалыптастырудағы отандық және шетелдік БАҚ-тың рөлі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінде "Қазақстан имиджін қалыптастырудағы отандық және шетелдік БАҚ-тың рөлі" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.


16.02.2009 Қазақ журналистикасының антологиясы жарық көрді

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде проф. Н.Омашевтің жалпы редакциясымен жарық көрген «Қазақ журналистикасы» атты үштомды басылымның тұсаукесері өтті.


12.02.2009 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Археология және этнология ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Археология және этнология ғылыми-зерттеу орталығының салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар арасында археология және этнология ерекше орынды иеленіп отыр. Қазақстан халқының көпұлтты мәдениеті қазіргі уақытта терең әрі ауқымды этнологиялық зерттеулерді қажет етеді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да археология және этнология саласындағы ірі мамандар шоғырланған. Осының барлығы ғылыми-зерттеу орталығының ашылуына себеп болды.


12.02.2009 Апталық дайджест 02.02.2009 – 07.02.2009
  • Тақырып жалғасы: «Болон үдерісіндегі жоғары білім берудің сапасын жетілдіру: болмысы, мәселелері және келешегі» атты 39 ғылыми-әдістемелік конференциясы мен «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» форумы.
  • Археология және этнология ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы.
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтойына байланысты Мәскеуде заңгерлерге арналған оқулықтардың тұсаукесері болды.
  • ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Қазақ журналистикасы» атты үш томдық еңбек жарық көрді.
  • Қазақстанның Болон үдерісіне қосылу жөніндегі отырыс жұмысы ашылды.
  • ҚазҰУ және «Технолоджи Брокер Бремен» неміс консорциумы аса қуатты лазерлік технологиялар саласында тәжірибе алмасу жөнінде меморандумға қол қойды.
  • ҚазҰУ-да АТЭХА-ның ұйымдастыруымен «Радионуклидтермен ластанған аймақтарды радиациялық модельдеу» Халықаралық Аймақтық мектебі ашылды.
  • Шолу: ҚазҰУ оқытушы-профессорлары мен студенттерінің ҚР Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтановпен кездесуі.
  • ҚазҰУ-дың ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • ҚазҰУ-дың ғалымдары туралы.
  • ҚазҰУ студенттерінің жарияланымдары.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

10.02.2009 ҚазҰУ-да Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы туралы отырыс жұмысы өтті

2009 жылдың 5-6 ақпан аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның Болон үдерісіне қосылу жөнінде жұмыс отырысы өтті. Халықаралық форумды ұйымдастырған ҚР Білім және ғылым министрлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Университеттердың Ұлы Хартиясының Обсерваториясы және Еуропа Кеңесі. Жұмыс отырысына Білім және ғылым министрі Ж.Қ.Түймебаев, Еуропа кеңесі және Болон үдерісінің жұмыс тобы өкілдері қатысты.


05.02.2009 Апталық дайджест 26.01.2009 - 31.01.2009
  • ҚазҰУ-да МАГАТЭ-ның ұйымдастыруымен «Радионуклидтермен ластанған аймақтарды радиациялық модельдеу» Халықаралық Аймақтық мектебі ашылды.
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұловтың М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне сапары.
  • «Болон үдерісіндегі жоғары білім берудің сапасын жетілдіру: болмысы, мәселелері және келешегі» атты 39 ғылыми-әдістемелік конференциясы мен «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» форумы.
  • Тақырып жалғасы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұловтың М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетіне сапары.
  • Тақырып жалғасы: ҚазҰУ-дың 75-жылдығы мен профессор Н.И. Гайнуллинаның 70 жылдығына арналған «Синхрон және диахрон жағдайындағы тіл қызметі» атты ғылыми конференция.
  • ҚазҰУ оқытушылары мен ғалымдарының авторлық жарияланымдары.
  • ҚазҰУ оқытушылары мен ғалымдары туралы.
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің ұйымдастыруымен мектеп шығармаларының конкурсы өтеді.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

05.02.2009 Әріптестеріңнің мойындауы – ең үлкен мәртебе

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихында тұңғыш рет «ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» атты форум өтті.

2008 жылдың қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған 115 оқытушыны марапаттау рәсімі салтанатты түрде Студенттер сарайының нағыз студенттік сахнасында салтанатты түрде өтті.