Жаңалықтар

Жаңалықтар


6-қаң-09 Апталық дайджест 29.12.2008 – 03.01.2009
  • Тақырып жалғасы: «КазГУград» кинотеатрының ашылуы.
  • Әлқисса: Алматыда «Денсаулық» спартакиадасы өтеді.
  • Әлқисса: Алматыда V Халықаралық Жәутік олимпиадасы өтеді.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының авторлық жарияланымдары.

6-қаң-09 Ресейлік ғалым Ю.Н. Вавиловтың қатысуымен ҚазҰУ-да физиктердің семинары өтті

24 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті физика факультетінің ядролық физика кафедрасында ғылыми-білім беру семинары өтті. Аталмыш семинар жақында қабылданған Ядролық физика кафедрасының даму стратегиясы негізінде ұйымдастырылды. Семинарды жетекшісі болып кафедраның құрметті профессоры, ҚР ҰҒА академигі Ж.С. Тәкібаев жүргізді. 


6-қаң-09 Апталық дайджест 22.12.2008 - 27.12.2008
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аймақтық жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына арналған «Жоғарғы оқу орнындағы несиелік жүйе» семинары.
  • Тақырып жалғасы: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сертификациялық аудиттен сәтті өтіп, университеттің СМЖ ISO 9001:2000 талаптарына сай халықаралық сертификат алды.
  • 2008 ж. Қазақстан саясаткерлерінің рейтингі бойынша ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұлов «Ең сабырлы саясаткер» атанды.
  • Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ҚазҰУ-да қонақта.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының жарияланымдары.
  • ҚазҰУ студенттерінің жарияланымдары.
  • ҚазҰУ туралы бір ауыз сөз.

29-жел-08 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың психология кафедрасы 20-жылдығын атап өтті

2008 ж. 20 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде психология кафедрасының 20-жылдығына арналған «Субъект психологиясы және оның азаматтық қоғам құру жағдайындағы өмір сүру жүйесі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.


29-жел-08 «Байсалов оқулары – 2008»: «Жаһандану жағдайында аграрлық, экологиялық және табиғи ресурстық заңнаманы қолдану мен жетілдірудің өзекті мәселелері»

Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті табиғи ресурстар және экологиялық құқық кафедрасы мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаһандану жағдайында аграрлық, экологиялық және табиғи ресурстық заңнаманы  қолдану мен  жетілдірудің өзекті мәселелері» («Байсалов оқулары - 2008») атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткен болатын.


29-жел-08 «Бақыт» cтуденттер би ансамбліне 5 жыл!

Жақында ҚазҰУ-дың ректоры Бақытжан Жұмағұлов «Бақыт» би ансамблін 5 жылдық мерейтойымен құттықтады.  Аталмыш кеш Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өткен болатын.


26-жел-08 Корей тілінде оқитын студенттер арасында байқау өтті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті корейтану кафедрасы Сонгюнгван Университетімен (Корея Республикасы) бірігіп, алғашқы Орталық азиялық «Сонгюн хангыль пэгильчжан» - «Корей тілінде шығарма жазу байқауын» өткізді.


26-жел-08 ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу институттары экология және биотехнология мәселелерін талқылауда

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде  экология мәселелерін ғылыми-зерттеу институты мен биология және биотехнология мәселелерін ғылыми-зерттеу институттарының біріккен «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі экологиялық биотехнология саласындағы жұмыстар» атты ғылыми-практикалық семинары өтті.


26-жел-08 Көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, ұстаз Асқар Закарияұлы Закариннің туғанына 100 жыл

15 желтоқсанда өзгеше болмыс-бітімі, өрнекті өнегесі бар айтулы жанның бірі - көрнекті қоғам қайраткері, математика саласындағы үлкен ғалым, профессор Асқар Закарияұлы Закариннің  туғанына 100 жыл толды. Осыған орай ғалымның тұрған үйінде орнатылған мемориалдық тақтаның алдына гүл шоқтары қойылып, замандастары, әріптестері мен шәкірттерінің қатысуымен салтанатты шеру өтті.


25-жел-08 ҚазҰУ ректорына халықаралық сапа сертификаты табыс етілді

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сертификациялық аудиттен сәтті өтіп, университеттің СМЖ ISO 9001:2000 талаптарына сай халықаралық сертификат алды. Университетке халықаралық сертификатты Bureau Veritas Certification сертификациялық органы бас директорының орынбасары Юрий Чернявский табыс етті.