Жаңалықтар

Жаңалықтар


27-қар-08 Апталық дайджест 17.11.2008 – 22.11.2008
  • «ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздіктің қыр көрсетулері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы.
  • Тақырып жалғасы: «Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы» атты халықаралық конференциясы туралы.
  • Тақырып жалғасы: Қазіргі плазмадағы процестерді математикалық модельдеу лабораториясының ашылуы.
  • Тақырып жалғасы: «ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздіктің қыр көрсетулері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы туралы.
  • Анталияда (Түркия) «Еуразия диалогы» платформасының Сегізінші жиынында «Оқу-ағарту ісіндегі толеранттылық және шектеушілік» атты ғылыми форум өтті. Қазақстан өкілі екі жылға Платформаның төрағасы болып сайланды.
  • ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде қазақша КВН лигасы өтті.
  • ҚазҰУ-дың оқытушылары туралы.
  • Авторлық материалдар.

25-қар-08 Неміс театрының өкілдерімен кездесу

Университетіміздегі тіл клубтарының жұмысы белсенді жүріп жатыр. Студенттерге тіл үйрену барысында аса қажетті тілдік ортаны қалыптастыру мүддесінен шығу үшін құрылған тілдік клубтар бүгінгі таңда қарқынды жұмыс жасап жатыр. Осындай кезекті шаралардың бірі неміс клубында өткізілді. Неміс клубының отырысына Алматыдағы неміс театрының актрисалары Жигулева Юлия Владимировна мен Абдульманова Ирка, фонетист Дяченко Марина Леонидовна, жетекші администратор Есжанов Темирлан шақырылды.


24-қар-08 «Азиада-2011» қысқы ойындарына арналған дөңгелек стол

2008 жылы 25 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Азиада-2011» ойындарына жүргізіліп жатқан дайындықтың БАҚ-та көрініс табуына арналған спорт ведомстволарының жетекшілері, «Азиада-2011» ойындарының ұйымдастыру комитеті, Олимпиада жүлдегерлері, PR-агенттіктер, ғалымдар мен журналистердің қатысуымен «Спорттағы PR» атты дөңгелек стол өтеді.


21-қар-08 “ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздіктің қыр көрсетулері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

18 қараша күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде "ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздіктің қыр көрсетулері" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірге ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты және Астандағы ЕҚЫҰ Орталығы ұйымдастырған форумда ғалымдар, мемлекеттік емес ұйымдардың және дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Форум жұмысы ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайының қатысуымен ұйымдастырылған ЕҚҰЫ қызметіне арналған «ЕҚҰЫ - диалог форумы» деп аталатын көрменің ашылуымен басталды.


20-қар-08 «Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы» атты халықаралық конференция

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экономика және бизнес факультетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі: ұлттық экономиканы жеделдете жаңғырту және корпоративтік құрылымдардың дамуы» атты халықаралық конференция өтті.


20-қар-08 ҚазҰУ-дағы «Казахстанская правда» газетінің күндері

«Армысың, мәдениет пен ғылымның шеберханасы - альма-матер!» деп бастады «Казахстанская правда» газетінің президенті А.Ю. Тараков ҚазҰУ-ға келген бетте. Аталмыш кездесу қарашаңырақ ҚазҰУ-да өтіп жатқан «Казахстанская правда» күндері» атты фестивальдың ашылу салтанатына арналды.


20-қар-08 Спорттық жаналықтар

12-14 қараша аралығында өткен факультет аралық спорттық жарыстарда физика факультетінің ұлдар волейбол командасы 2-ші орынға, ұлдар баскетбол командасы 5-ші орынға ие болды.

20 қарашада өткен факультет аралық жарыстан физика факультетінің қыздар баскетбол командасы 2-ші орынға ие болды. 


20-қар-08 Апталық дайджест 10.11.08 - 17.11.08
  • Химия факультетінде жаңа химиялық материалдар мен технологиялар тақырыбына Т. Сәрсенбайұлы, З. Әбдіхалықованың жиын барысында талқылаған мәселелері.
  • Тақырып жалғасы: ҚазҰУ-да «Ректорға сауалыңды қой!» атты акция өтті.
  • Казахстанская правда» газетінің күндері» атты фестиваль.
  • Болашақ заңгерлер коррупцияны жоюға бағытталған шараларды қолдады.
  • ҚазҰУ-да плазмадағы процестерді математикалық модельдеу лабораториясы ашылды.
  • Тақырып жалғасы: Плазмадағы процестерді математикалық модельдеу лабораториясы ашылды.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушыларының сөйлеген сөздері.
  • ҚазҰУ-дың түлектері туралы.

20-қар-08 ҚазҰУ-да қазіргі плазмадағы процестерді математикалық модельдеу лабораториясының тұсаукесері өтті

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетінде оқытушылар, студенттер мен жетекші БАҚ-тардың қатысуымен Қазақстандағы тұңғыш плазмадағы процестерді математикалық модельдеу лабораториясы ашылды. Тұсаукесер рәсімінде алғысөзді физика факультетінің деканы Асқарова А.С. алды.


18-қар-08 Заседание Российского клуба

2008 жылдың 14-қарашасында химия факультетінде орналасқан Ғылыми кеңестің мәжіліс залында Ресей клубының «Химия ғылымындағы орыс тілінің маңызы мен орны» атты кезекті мәжілісі өтті.