Жаңалықтар

Жаңалықтар


11-қар-08 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Казахстанская правда» республикалық газетінің күндері» өтеді

12 қарашада сағ.9.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Казахстанская правда» газетінің күндері» атты фестивалінің ашылу салтанаты өтеді.

Аталмыш фестиваль алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Маңызды оқиғаға деген дайындық жұмыстары «Казахстанская правда» газетінің белсенді журналистерінің мастер-кластарын өткізуімен басталды. Университетте қазан айының соңында газеттің жаңа келбеті, жұмыстың дәстүрлі әдістері мен пішіндеріне арналған студенттердің ғылыми конференциясы өтті. Журналистика факультетінде «Казахстанская правда» газетінің баяндамалары, тарихи-тақырыптық көрмелері дайындалды. Фестивальдың мақсаты - тәжірибедегі және оқып жүрген журналистердің байланысын нығайту.


11-қар-08 Апталық дайджест 03.11.08 - 10.11.08
  • ҚазҰУ-да  «Ректорға сауалыңды қой!» атты акция өтті.
  • Ақын, журналист, ҚазҰУ доценті Сағатбек Медеубектің 60-жылдығына орай.
  • ҚазҰУ ректоры Б.Т. Жұмағұловтың Йель университеті (АҚШ) сәулет мектебінің өкілдерімен кездесуі. ҚазҰУ қалашығының  бас жоспарын талқылау.
  • ҚазҰУ студенттері Ардагерлер үйінде болды.
  • ҚазҰУ-да «Бүгінгі қолданыстағы халықаралық терминдерді аудару мәселелері» тақырыбымен пікір-сайыс өтті.
  • ҚазҰУ оқытушылар мен түлектері жайлы.
  • ҚазҰУ-дағы жатақхана студенттерінің өмірі.

7-қар-08 “Hallowen party”

Бүгінгі таңда университетімізде мамандардың тілдік даярлығын жетілдіру бағытында біршама істер атқарылып жатыр. Мұның айғағы тілдік клубтардың жұмыстары болып табылады. Бәрімізге белгілі қараша айында ағылшындар дәстүрлі "Hallowen" мерекесін атап өтеді. Университетіміздегі ағылшын клубының мүшелері де осы дәстүрлі мерекеден сырт қалған жоқ. 4 қараша күні Жастар рухани орталығында  "Hallowen party" мерекесін өткізді.


7-қар-08 “Қазақстан – Француз достастығы”, француз клубында Франция елшілігінің атташесі Йоан Шиттерер қонақта

Студенттеріміздің шет тілдерін меңгеруге деген ынталарының артуына тілдік клубтардың жұмыс істей бастауы игі әсерін тигізіп отыр. Шет тілдері курсына жазылушы студенттердің саны күннен-күнге артуда.  Әсіресе француз тілін меңгергісі келетін студенттер көп-ақ, бұған себепші болған 5 қарашада Жастар рухани орталығында өткізілген француз клубының отырысы. Отырысқа Қазақстандағы Франция елшілігінің француз тілі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі атташесі Йоан Шиттерер.


7-қар-08 ҚазҰУ қалашығының дамуының жаңа жоспарын талқылау

5 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне америкалық Йель университеті  сәулет мектебінің жетекші мамандары Стэнли Гартска мен Дуглас Рэй, "Сapital partners" ЖШС компаниясының дамуы бойынша директоры Алистер Бартоломю жұмыс сапарымен келді.


6-қар-08 «Ректорға сауалыңды қой!»

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ректорға сауалыңды қой!» - деген ұранмен жиырма күн бойы студенттік акция мәресіне жетті. Ректор Бақытжан Жұмағұлов мұрындық болған бұл шараның басты мақсаты - бүгінгі студенттердің ойын біліп, тың идеяларын есту және олардың көкейкесті мәселелерін шешу. Бұл шараны ректордың студенттермен кездесуі тәмамдады. Кездесуде келіп түскен барлық сұрақтарға жауап берілді.


6-қар-08 Апталық дайджест 27.10.08 - 03.11.08
  • Заң факультетінде «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация және оның Қазақстан Республикасының саяси және құқықтық тарихындағы орны» тақырыбында ой-толғау өтті.
  • ҚазҰУ-да Қазақстанның тұңғыш Президентінің қызметіне арналған «Нур ас-султа фи Қазақстан» кітабының тұсаукесері өтті.
  • Алматыда "Жоғары кәсіби білім берудің сапасын қамтамасыз ету және баға беру: ұлттық контекст және халықаралық контеграция" атты халықаралық семинар өтті.
  • ҚазҰУ-да Кеңес Қожахметұлының 70 жасқа толуына байланысты «Аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, тарихы және қазіргі кезең» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
  • ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті «Сен АҚШ-ты білесің бе?» атты халықаралық олимпиада ұйымдастырды.
  • ҚазҰУ-да бағдарламалаудан әлем чемпионатының ¼ өтті.
  • ҚазҰУ ғалымдары мен оқытушылары жайында.
  • ҚазҰУ оқытушылары мен түлектері жайында.

3-қар-08 ҚазҰУ-дың ғалымдары мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны талқылады

Республика Күнінің қарсаңында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ҚАЗАҚ ССР-нің МЕМЛЕКЕТТІК ЕГЕМЕНДІГІ ТУРАЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ»  атты "дөңгелек үстел" өтті.

Аталмыш жиын университеттің құқықтық және даму саласының проректоры Нұрлан Ыбырайымның алғысөзімен ашылды. Өзінің алғысөзінде алғашқы тарихи құжаттың маңыздылығын жиын қатысушыларына айтып қана қоймай, болашақ ұрпаққа жеткізуді де талап етті.

 


3-қар-08 ҚазҰУ студенттері ардагерлерге көмектесуде

Күз мезгілінің жайма-шуақ күндерінің бірінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері таңертеңнен бастап Ардагерлер үйіне аттануға жиналды. Көптен күткен бұл күнге аса мән қойып дайындалған ерікті-студенттер Қарттар күніне арналған айлықпен шектелмей, шынайы көмектерін беруді қажет деп санады.


3-қар-08 Қазақстанның тұңғыш Президентінің қызметіне арналған «Нур ас-султа фи Қазақстан» кітабының тұсаукесері

Жақында ҚазҰУ-да  белгілі араб саясаттанушысы Маджид бен Абдель ат-Туркидің «Нур ас-султа фи Қазақстан» («Қазақстандағы билік нұры») атты кітабының тұсаукесері өтті.