- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне арналған апталықтың қорытындысы ретінде марафон, салтанатты шеру, форум және жәрмеңке ұйымдастырылды.

Ташкент қаласында Алтай қауымдастығы академиясының «Алтай тобы тілдеріндегі тағам атаулары» атты Х халықаралық Алтай симпозиумы өтті. Алтаистика мен түркітану ғылымының дамуына әлемдік деңгейде үлес қосып келе жатқан бұл ғылыми басқосуға 62 елден ғалымдар қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға оқу орнының басшылығы, оқытушы-профессорлары мен білім алушы жастар қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Сұлтан Сиариф Касим атындағы мемлекеттік ислам университетінің ректоры іссапармен келді. Сапар аясында ҚазҰУ ректоры ЖОО басшысымен кездесіп, әріптестік бағыттар мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім алушылары мен оқытушы-профессорлық құрам өкілдеріне көшбасшылық дәріс оқуға Астанадан ат арылтып арнайы келді.

Жазушы, драматург Дулат Исабеков 1966 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Болашақ жазушы университет қабырғасында жүргенде-ақ шығармашылыққа бет бұрды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымының докторы, профессор Алуа Ибраева. Қанша жылдан бері осы оқу орнында табан аудармай, табандылықпен жұмыс істеп келеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев белгілі заңгер-ғалым, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры және негізін қалаушы Өмірәлі Жалаиридің 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әділ сайлау үшін» штабы мүшелерінің «Азаматтардың сайлау құқықтарының конституциялық кепілдіктері» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен, оқытушы-профессорлар құрамымен және білім алушы жастармен кездесуі өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әділет генерал-майоры, ҚР прокуратурасының құрметті қызметкері, заңгер Мұхтар Жөргенбаев көшбасшылық дәріс оқыды.