- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
ҚазҰУ-да көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, философия ғылымының докторы, профессор Ғазиз Телебаевтың 65 жылдығына арналған «Философия: ғылым және өмірлік миссия» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЖОО басшылығының Колумбия университеті жанындағы Жер институтының директоры Янис Бен Амормен кездесуі өтті. Жүздесуде екіжақты ынтымақтастықтың даму келешегі талқыланды.
Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында жарты ғасыр бұрын ҚазҰУ қалашығының құрылысын басқарған көрнекті сәулетші және құрылысшы Тарас Төлегеновке арналған мемориалдық барельефтің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев көрнекті тілші-ғалым, ҚР ҰҒА академигі Зейнеп Базарбаеваның 70 жылдығына арналған «XXI ғасыр тілтанымдық ойдың даму үдерісі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуына қатысты.
Алматыда Ә.Қастеев мұражайында «Дара» қайырымдылық қорының 15 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер майталмандары қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Әбиба Әбужақынова дзюдодан 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

«Білімді ұлт» – сапалы білім беру жобасы. Бұл жоба қалай жүзеге асып жатыр? Оның басымдығы мен артықшылығы неде? Осы мәселелер төңірегінде газет тілшісі Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Мәрия Майлықұтовамен тілдескен еді. Бүгін сол әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.

Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі сыртқы қарым-қатынасына 30 жыл толды. Осыған орай, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен 2022/23 оқу жылында халықаралық қатынастар факультетінде тәуелсіз еліміздің сыртқы саясаты мен дипломатиясы тарихында өзіндік із қалдырған тұлғалардың көшбасшылық дәріс оқу ісі қолға алынды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрағасы даму стратегиясын ұйымдастырды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде POSCO-2022 қорының стипендиясын тапсыру рәсімі өтті. Оған POSCO International Corporation қорының өкілдері мен бас директоры Пак Бенг Ук, ҚазҰУ басшылығы, оқытушылар мен студенттер қатысты.