Жаңалықтар

Жаңалықтар


10-қаз-22 ҚазҰУ EcoStudentKZ челленджіне қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері EcoStudentKZ республикалық челленджіне қызу қолдау білдірді. ҚазҰУ жастары танымал туристік орындар – Көкжайлау үстірті мен Бутаковка шатқалын қоқыстардан тазарту жұмыстарына қатысты.


10-қаз-22 ҚазҰУ– IAAR Eurasian University Ranking 2022 халықаралық рейтингінде көшбасшы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ IAAR Eurasian University Ranking (IAAR EUR) 2022 жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингінің қорытындысы бойынша бірінші және үздік университет болып танылды. Рейтинг Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі тарапынан жүргізіледі.


9-қаз-22 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың апталық жұмысына шолу   (3-7 қазан, 2022 жыл)


7-қаз-22 Білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы Астанада Болон процесінің бақылау тобы (BFUG) өкілдерінің қатысуымен өткен Орталық Азия жоғары оқу орындары ректорларының конференциясына қатысты. Шарада Орталық Азиядағы білім беру саласындағы өңірлік ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.


7-қаз-22 Бақытжан Жұмағұлов: «Қара шаңырақ бізге өмір жолын ашты»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, академик Бақытжан Жұмағұлов оқытушы-профессорлар, докторанттар және магистранттармен кездесті.


7-қаз-22 ҚазҰУ ректоры «Тұран» университетін мерейтойымен құттықтады

Алматыда «Тұран» университетінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жаһандық өзгерістер: ғылым және білім талабы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті.


7-қаз-22 ҚазҰУ-да әлемдік трендтер мен үздік білім экспортының стратегиялары талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің қатысуымен «Əлемдік білім беру кеңістігіндегі трансұлттық өзара əрекеттестік» атты VI орталықазиялық халықаралық форумы өтті.


6-қаз-22 ҚазҰУ ректоры «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Астана қаласында өткен  «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне қатысты. 


5-қаз-22 Сапалы медициналық білім беруді жетілдіру келісілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әбу Әли ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті делегациясының сапары аясында екіжақты ынтымақтастықтың білім, ғылым және медицинаны дамыту бағыттары талқыланды.


5-қаз-22 Дипломатияны дамыту мәселелері талқыланды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен «Қазіргі халықаралық қатынастардағы АӨСШК рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.