- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің білім алуы үшін барлық жағдай жасалуда. Қазіргі уақытта мұқтаж студенттерді тұрғын жаймен қамтамасыз ету бойынша жан-жақты шаралар қабылданды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы TENMAK протонды үдеткіштер орталығының директоры Исмаил Бозтосунмен кездесті.
ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасы мен Венгрия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған мәдени іс-шаралар циклі өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде кезекті Ғылыми кеңес өтті. Жиында қабылдау кампаниясының қорытындылары және 2022-2023 оқу жылындағы білім беру үдерісін ұйымдастыру туралы айтылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да танымал орыс жазушысы, журналист, баспагер Георгий Пряхинмен шығармашылық кездесу өтті. Жүздесуге ҚазҰУ оқытушылары мен филология факультетінің студенттері қатысты.

Астана қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумы өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әскери кафедрасының тарихы терең. Оқу ордасының іргетасы қаланған сонау 1934 жылдан бастау алады. Күні бүгінге дейін бұл кафедра еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етіп, нығайту үшін 40 мыңнан астам запастағы офицерлер даярлады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Польшаның Белосток қаласында орналасқан Жоғары экономика мектебінің ректоры, құрметті консул, профессор Александр Прокопюк арнайы келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студент жастарға арналған «Қаржылық сауаттылық» және «Табысқа жеткің келсе» атты семинар өтті. Тренингті трейдер-инвестор Думан Ерқанат пен кәсіпкер әрі саяхатшы Сырымбек Тау жүргізді.

Джоанна Мадалинска-Мичалак – Варшава университеті (Польша) білім беру факультетінің оқытушысы, әлеуметтік ғылымдар PhD докторы. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға арнайы шақырылған профессор.