Жаңалықтар

Жаңалықтар


17.09.2022 Бірінші курс білімгерлері салтанатты түрде студенттер қатарына қабылданды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әл-Фараби ескерткіші алдындағы алаңда танымал тұлғалар, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, белгілі ғалымдар, жазушылар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, блогерлер, университет оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен І курс білімгерлерін «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты кеші өтті.


16.09.2022 ҚазҰУ қалашығында тұру ережелері түсіндірілді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлері жатақханаларда тәртіпті сақтау тақырыбында бірқатар жиналыстар өткізіп, оған 1 курс студенттері мен студенттер үйінде тұратын белсенділер қатысты.


16.09.2022 Аэроғарыш комитетінің мамандары ҚазҰУ-дың ғарыштық технологияларымен танысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне университет басшыларының шақыруымен Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов, «Ghalam» ЖШС басқарма төрағасы – бас директоры Қайыржан Қожаев, "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асылхан Бибосынов арнайы келді. 


16.09.2022 ҚазҰУ ректоры дүниежүзілік ректорлар форумына қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Бішкекте өткен «Ұлттық инновациялық экожүйені құрудағы университеттердің рөлі» атты халықаралық ректорлар форумына қатысып, баяндама жасады. Форум жұмысына әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам ЖОО ректоры қатысты.


16.09.2022 ҚазҰУ-да докторанттарға арналған бағдар беру апталығы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде докторанттарға арналған бағдар беру апталығы (PhD Orientation Week) өтті.


15.09.2022 Раушангүл АВАКОВА, филология ғылымының докторы, профессор: Түркітану түркі тілдерінің өткенімен ғана шектелмейді

Бүгінде әлемдік адамзат тарихының сахнасына мәңгілік ел ұғымымен таныла бастаған түркі әлемі ғалам үшін құлақ түріп, назар аударарлық феноменге айналды. Түркітілдес халықтардың туыстығы мен бірлігін айшықтайтын тарихи-мәдени ортақ жазба мұраларға бүгінгі күннің көкжиегімен қарап, ғаламдық деңгейде зерттеуге назар аударылуы уақыт пен кеңістік талабынан туындап отыр.


15.09.2022 Қолданбалы қазақ тіл білімі мамандары даярланады

Қазақ тілінің қолданбалы аспектілерін меңгерген, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде өміршеңдігін, қызметін талдап-сараптайтын, білім беру мекемелерінде және мемлекеттік тіл орталықтарында үйлестіру жұмыстарын жүргізе білетін маман даярлау мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2022/23 оқу жылында «Қолданбалы қазақ тіл білімі» мамандығы ашылды.


14.09.2022 Наталья ЕМ: Кәсіби дамуыма жол ашқан білім ордасы

Наталья Ем – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты, тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы, шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі. Қазақстан корейлері қауымдастығы президиумының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы қалалық ғылыми-сараптама тобының мүшесі.


13.09.2022 Академик Рахман Алшанов – 75 жаста

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев көрнекті ғалым, «Тұран» университетінің ректоры, экономика ғылымының докторы, профессор, ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшановтың ғылыми қызметіне арналған конференция жұмысына қатысты.


13.09.2022 Ынтымақтастық жайы талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев «Өркениеттер арасындағы алмасу және ынтымақтастық қорының» негізін қалаушы және президенті Имам Мохаммад Башар Арафатпен кездесті. Жүздесуде тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.