- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығы» базасында өсімдік шикізаты негізінде инновациялық өнім әзірлейтін шағын өндірістің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері мен білім ордасының ғалымдары қатысты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен МИФИ ҰЯЗУ филиалының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Horizon Europe бағдарламасының үйлестірушілері арнайы келді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қытай технологияларды тарату орталығының өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шара аясында «Ғылым қоры» АҚ қаржыландырған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің таныстырылымы өтті.
Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №29 (1853) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Инженерлік педагогика және ENTER желісі: жетістіктері мен мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтуде.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алаш ардақтысы, көрнекті ағартушы ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, арнайы апталық өтуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында көрнекті қаламгер, әдебиеттанушы ғалым, публицист, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өтеген Оралбайұлының 70 жасқа толуына орай «Ө.Оралбайұлының шығармашылығы және бүгінгі қазақ поэзиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жеті факультетке жаңа декан тағайындалды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Онда студенттердің оқу, тұрғын үй және жатақханамен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.