- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
06.09.2022
Қазақ тілінің дамуына өз үлесімді қосамын
Әрбір адамның алдында ең негізгі шешімдердің бірі – оқу орнын таңдау мәселесі тұрады. Себебі білімі, студенттік өмірі – бәрі дәл сол оқу орнына байланысты. Ал менің таңдауым арманымдағы білім ордасы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды.
Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №28 (1852) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
05.09.2022
ҚазҰУ-дың қарлығаштары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері оқу ордасы туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаевтың Бұйрығымен белгілі журналист, талантты қаламгер, филология ғылымдарының кандидаты Нұржан Қуантайұлы журналистика факультетінің деканы қызметіне тағайындалды.
05.09.2022
ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТТЕ БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ ОРНАЙДЫ
Қаралы қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көтерген «Жаңа Қазақстан» идеясы ауқымды реформалар мен оң өзгерістерге негіз салып, тың мүмкіндіктер мен заманауи үрдістерге жол ашты. Жаңа Қазақстанның жаңару мен жаңғыру жолы ел Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауында да жан-жақты қамтылып, жарқын болашақ құрудағы жасампаз жоспарларымыз бен кешенді бағдарламалар айқындалды.
03.09.2022
ҚазҰУ-да түркология жаңалықтары талқыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Номгон мемориалдық кешенін тапқан экспедиция мүшелері – Халықаралық түркі академиясының ғылыми қызметкері Нәпіл Бәзілхан мен Моңғолия Ғылым академиясы Тарих археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Алтангэрэлийн Энхтөрдің қатысуымен «Құтлық қаған жазуы – ғасыр жаңалығы» атты ғылыми-теориялық дөңгелек үстел өтті.
03.09.2022
КОНСТИТУЦИЯ – ӨРКЕНИЕТТІ ДАМУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТІРЕГІ
1995 жылы 30 тамызда ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы Ата Заңын қабылдап, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алды. Бұл – тұрақты саяси дамуды, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономиканы қалыптастыруды ұстанған өркениетті Қазақстан мемлекетін қалыптастырудың маңызды кезеңі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауын үлкен ыждағатпен тыңдады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті білім алушыларға есігін айқара ашты. Білім күні барлық факультеттерде 1-курс студенттеріне арналған көшбасшылық дәрістер өткізіліп, белгілі ғалым-профессорлар тәжірибелерімен бөлісті.