- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Бұхара мемлекеттік университетінің делегациясы (Өзбекстан Республикасы) арнайы сапармен ҚазҰУ-ға келді. Сапар барысында тараптар ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен білім беру бағдарламаларын құру мәселелерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Кембридж университеті ғылым, білім саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Абай күніне орай «Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы және ілімі» атты ⅠⅠⅠ халықаралық конференция өтті. Оған отандық және шетелдік әдебиеттанушылар, ЖОО мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, докторанттар, магистранттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінде алғаш рет қолданбалы бакалавриаттың Data Engineering пилоттық білім беру бағдарламасы іске қосылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археолог ғалымдарының жетекшілігімен Абай облысына қарасты Аягөз ауданында алғаш рет кешенді археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жазғы мектеп аясында білім алып жатқан шетелдік студенттермен кездесу өтті. Оған университет басшылығы, оқытушы-профессорлар мен АҚШ, Йемен және Қытай елінен келген ізденуші жастар қатысты.

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филиалы талапкерлерді қабылдай бастады.

«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар тағайындауға байқау жариялады.

Еліміздің жетекші жоғары оқу орны – ҚазҰУ-да академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында қазақ, орыс тілдерін және басқа да мамандықтарда оқитын әлем елдерінің студенттері жазғы мектепте білім алуда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне зерттеу университеті мәртебесі берілді.