- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
2022 жылы 19 маусым күні сағат 15:30-да Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қырғызстанның Тұңғыш Президенті, Ресей ҒА академигі, профессор, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Ақаевтың «Көне дәуірден бергі демографиялық көрсеткіш және адамзат болашағы» атты көшбасшылық дәрісі өтеді.
16 маусым сағат 15.00-де Әл-Фараби кітапханасында ТМД және Орталық Азия елдері бойынша QS рейтингтік агенттігінің Аймақтық директоры Сергей Христолюбов QS сертификатын салтанатты түрде табыстайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркиядағы Ибн Халдун университетінің делегациясы арнайы сапармен келді.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №17 (1843) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Еліміз жаңа саяси-экономикалық өзгерістер алдында тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өтеді. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы үлкен саяси оқиға.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде «2030 жылға дейінгі күн тәртібіндегі тиімді зерттеулер» атты семинар өтті. Оған БҰҰ-ның тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының жаһандық хабы болып табылатын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері негізгі спикер ретінде қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Түркия Президентінің Ұлттық кітапханаcының директоры Айхан Туглумен кездесу өткізді.

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Тіркеу ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2022 жылғы 15 шілдеге дейін жүргізіледі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS WUR халықаралық рейтингінде кезекті рет жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бір жылда университет Топ-200 ішінде 25 позицияға жоғарылап, 175-орыннан 150-орынға көтерілді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Біз біргеміз!» ұранымен Х «БҰҰ моделі – Жаңа Жібек жолы» халықаралық конференциясы өтті.