- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Судья және сот қызметкерлері күні кәсіби мерекесіне арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Ұлыбритания жоғары оқу орындарының өкілдері жұмыс сапарымен келді. Құрметті қонақтар ҚазҰУ музейі мен Жағдаяттық басқару орталығын аралап, оқу ордасының басшылығымен кездесу өткізді.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №25 (1892) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері жазғы универсиадада Бас жүлдеге ие болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркия ЖОО-ларының өкілдері арнайы келіп, білім ордасының қызметімен танысты.

Ақтауда 12 мамырдан бері өтіп жатқан ҚР жоғары оқу орындары арасында XII жазғы универсиада ойындарының жарыстарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дзюдо командасы ерлер мен әйелдер арасында бірінші орынды иеленді.

Еліміздің ЖОО студенттері арасында өтіп жатқан XII жазғы универсиада ойындарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрама командасы волейбодан 1-орынды иеленді.

Қазір адамды анықтау үшін биометриялық әдістер қолданылады. Биометрия – бұл адамды бірегей физиологиялық немесе мінез-құлық сипаттамаларына негізделген сәйкестендіру әдістері мен құрылғыларының жиынтығы. Биометриялық әдістер мыналарды қамтиды: саусақ ізін алу; көз торын анықтау; бет әлпетті тану, дауысты тану; қолжазбаны тану.

Филология ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Болатхан Сарбасов – тәжірибелі ұстаз, көне түркі әдеби ескерткіштерін зерттеуші, әдебиеттанушы ғалым. Білім беру жүйесіндегі заманауи жаңа инновациялық технологияларды игеру, сондай-ақ жас педагог мамандардың бойында рухани ұлттық адамгершілік құндылықтарды дамыту – ұстаздың басты қағидасы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қатысуымен өткен қазақ және неміс жоғары оқу орындары ректорларының форумына қатысты.