- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультеті Медицина жоғары мектебінің Клиникалық пәндер кафедрасының профессоры Қуат Абзалиевтің жетекшілігімен жоғары көтерілетін аортаның аневризмасы кезінде қақпақшасы бар кондуитті имплантациялаудың жаңа отандық тәсілі әзірленді. Қуат Абзалиев – Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ консультациялық-диагностикалық орталығының меңгерушісі, жоғары санатты кардиохирург.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға арналған кездесуі өтті.

ҚазҰУ-да химия ғылымының докторы, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаевтың жетекшілігімен құрамында күкірт бар препараттарды алу технологиясы әзірленді. Жоба «Құрамында күкірт бар жаңа нанокомпозиттер мен препараттар алу технологиясын әзірлеу және апробациялау» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Орталық Азия елдері университеттері ректорларының І халықаралық форумы өтті. Форум жұмысына ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев және Орталық Азия елдерінің білім, ғылым саласы министрлері мен ЖОО ректорлары қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Тәжікстан мемлекеттік университетінің басшысы Кобилджон Хушвахтзода бастаған делегациямен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ташкент мемлекеттік экономика университетінің проректоры, ғылыми-зерттеу орталығының директоры Мухитдин Калоновпен кездесу өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде қоғам қайраткері, көрнекті рәмізтанушы, Қазақстандағы баспасөз қызметінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы-публицист Ербол Шаймерденұлының шығармашылығына арналған дәстүрлі «Шаймерденов оқулары» аясында ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №13 (1839) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде филология ғылымының докторы, профессор Мая Бағызбаеваның 90 жылдық мерейтойына арналған «XIII Бағызбаева оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға алғашқы ресми сапары аясында Президент Тайып Ердоғанмен кездесті. Мемлекет басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөліп, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады.