- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №12 (1838) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Шығыстану факультетінің ұжымы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлымен кездесу өткізді. Кездесуге факультеттің оқытушы-профессорлар құрамымен қатар, зерттеу орталықтарының директорлары, докторанттар, магистранттар және жоғары курс студенттері қатысты.

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің акт залында І халықаралық Фараби форумы аясында «Фараби әлемі» халықаралық жас ғалымдар мен студенттердің конференциясы өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев «Сәулетші жолы – ұлт құндылығы» тақырыбындағы конференцияға арнайы қатысты. Тағылымы мол танымдық іс-шара көрнекті сәулетші, ҚР Елтаңбасының және Тәуелсіздік монументінің авторы Шот-Аман Уәлихановтың 90 жылдығына арналды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алаштың көрнекті қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер Мұхамеджан Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметіне арналған «Мұхамеджан Тынышбаев: Ғасыр жобасы» атты ғылыми-танымдық деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне GIZ «Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу» өңірлік бағдарламасының жетекшісі Штефан Бухмайер арнайы келді. Жүздесуде ортақ жоба аясындағы өзара ғылыми ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Егемен Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясына 30 жыл: жетістіктері, сын-қатерлер мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №11 (1837) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекет қайраткері, генерал-лейтенант, төтенше және өкілетті елші Нұрлан Ермекбаев «Қазақстанның әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаты» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Отто Иван Ронмен және Алматыдағы бас консул Ференц Блауманнмен кездесу өткізді. Тараптар ҚазҰУ-дың Мажарстан жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.