- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әскери кафедра оқу орнының мұражайымен бірге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналған Ерлік сабағын және мәнерлеп оқу байқауын өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталов оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер алдында «Жастар бойындағы көшбасшылық қасиеттер мен патриоттық сезімді тәрбиелеу» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров арнайы келді. Сапар аясында ортсайлауком төрағасы университеттің тыныс-тіршілігімен танысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестердің (ACCELS) президенті, доктор Дэн Дэвидсон оқытушы-профессорлар құрамы және білім алушылармен кездесті. Америкалық ғалым «Флагман» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы кеңінен әңгімелеп, өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев Индонезияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мохамад Фаджрус Рахман бастаған делегациямен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестердің (ACCELS) негізін салушылардың бірі, доктор Дэн Дэвидсон келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті төл басылымының ұжымы республикадағы журналистика кафедралары өкілдерінің қатысуымен «Qazaq universiteti» газеті – журналистер ұстаханасы» атты онлайн-конференция өткізді. Басты мақсат – ынтымақтастықты арттырып, тәжірибе алмасу.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде I халықаралық Фараби форумының жабылу рәсімі өтті. Онда форум жұмысы қорытындыланып, «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауы мен Студенттік бизнес-инкубаторлар инновациялық жобаларының жеңімпаздары марапатталды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алаш ардақтысы, көрнекті ағартушы ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың рухани көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Оған белгілі тілтанушы, тарихшы, әдебиетші ғалымдар, оқытушы-филологтар мен білім алушы жастар қатысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Еуропалық Парламент делегациясы арнайы сапармен келді. Мәртебелі меймандар ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев бастаған оқытушы-профессорлар құрамы және студенттерімен кездесті.