- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, оқытушы-профессорлар құрамы мен жас ғалымдар қатысты.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №10 (1836) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Осы мақсатта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті іс жүзінде зерттеу университетінің моделін жүзеге асыра отырып, қоғам мен бизнес үшін пайдалы зерттеулер мен әзірлемелер ұсынуда. Бүгінгі таңда ҚазҰУ-дың ғылыми қызметін дамытудың негізгі векторы – келешегі зор жаңа ғылыми бағыттарды анықтау мен қолдау, пәнаралық және халықаралық қолданбалы зерттеу жобаларының өсуін қамтамасыз ету.

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-ғалымдары, жас ізденушілер!
Сіздерді 12 сәуір – Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата-бабаларымыз кез келген табыстың тек тынымсыз еңбек пен оқу арқылы келетінін жіті түсінген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция биыл алтыншы рет өткізілді.

UniSat – ЮНИСЕФ ұйымы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірлескен жобасы. Ол наноспутниктер бойынша білім беру курсын әзірлеу арқылы қыздар арасында STEM-білім беруді (Science, Technology, Engineering, Mathematics) дамытуды көздейді.

Ел мен елдің сан түрлі тарихын, мәдениеті мен дәстүрін бір арнаға тоғыстыратын, ол – ғылым-білім жолы. Бұл жолда ҚазҰУ-дың қаншама төл ғалымдары көз майын тауысып, қажыр-қайратын жұмсап жатқан болса, дәл солай шетелдік ғалымдар да екі елдің ортақ құндылықтарын зерттеу арқылы соны жаңалықтар ашуда. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Жапонияның Цукуба университеті арасына алтын көпір болып келе жатқан кезекті кейіпкеріміз – Такаши Ниномия.

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы да белсенді қатысып, бір кісідей атсалысты.

Алматыда көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Құлжабай Қасымовтың құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылуы өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде филология ғылымының докторы, профессор Талғат Сайрамбаевтың 85 жылдығына арналған «Қазақ тілі грамматикасының қазіргі даму парадигмалары және оқытудың инновациялық технологиялары» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.