- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Ұлттық баспасөз бен жаңа медиа нарығындағы технологиялық, коммуникативтік алаңдардың интеграциясы сапалы журналистік өнім даярлайтын мамандарды талап етеді. Нарықтағы осы сұраныс пен жұмыс берушілердің талабына сәйкес, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Data-журналистика» инновациялық білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Нобель сыйлығының лауреаттары, жаһандық инноваторлар, ғылым мен бизнестің әлемдік сарапшылары IV Нобель фестивалінде – әлемдегі алғашқы мета-форумда жастармен өз білімдерімен бөліседі. Форум ұйымдастырушылары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары, оқытушылары мен білім алушыларын айтулы шараға қатысуға шақырады.

Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №9 (1835) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.

Бүгінде QS әлемдік рейтингінде 175-орынды иеленген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – әлемнің ең үздік 200 университеті қатарына кіретін жалғыз қазақстандық жоғары оқу орны. ҚазҰУ QS by Subject пәндік рейтингінде де қарқынды түрде алға жылжи бастады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың арнайы шақыруымен «Көшбасшылық дәріс» оқуға білім ордасына Халықаралық түркі академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі келді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Варшава университетінің саяси ғылымдар және халықаралық зерттеулер факультетінің деканы, профессор Даниель Пжастэк бастаған делегация келді. Жұмыс сапары аясында поляк делегациясының ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры міндетін атқарушы Әлия Масалимовамен кездесуі өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Samsung компаниясымен бірлесе отырып Stepik білім беру платформасында қазақ тілінде нейрондық желілер мен компьютерлік көру бойынша тегін онлайн-курс әзірледі.

Халықаралық ғылым интеграциясына сүбелі үлес қосып жүрген жас ғалымдарымыз жетерлік. Қара шаңырақ ҚазҰУ-дағы тарихи тұлғалардың ізін жалғаған сондай жанның бірі – Бекжан Қосалбаев. Ол – «Биотехнология» мамандығы бойынша философия ғылымының докторы (PhD), микробиолог.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Тексерілген шынайы ақпаратты пайдалану негізінде виртуалды білім беру деңгейін арттыру» тақырыбында өткен V халықаралық журналистика форумы медиа білім беру мәселелеріне арналды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Almaty Management University (AlmaU) негізін қалаушы және президенті, іскерлік әкімшілендіру докторы, белгілі меценат, ҚазҰУ түлегі Асылбек Қожахметов «Білім, көшбасшылық және кәсіпкерлік: не маңызды?» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды.