- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – РекторЖансейіт Түймебаев Массачусетс университеті Дартмут колледжінің профессоры Дилшод Ачиловпен кездесу өткізді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде I халықаралық Фараби форумының ашылу салтанаты өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Ұлттық зерттеу ядролық университеті – МИФИ делегациясы арнайы жұмыс сапарымен келді. Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Ресей Федерациясынан келген меймандарды қарсы алып, кездесу өткізді. Тараптар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Мәскеу инженерлік-физика институтының филиалын ашу жөніндегі мәселелерді талқылады.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда. ҚазҰУ – халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары білімнің сапасын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілеттілігін арттырып жатқан бірден-бір оқу ордасы. Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында университетіміздің студенттері тағылымдамадан өту арқылы білім алуда және ғылыми іс-шараларын жүзеге асырып жатыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінде медицина кадрлары мен денсаулық сақтау мамандарын талап ететін жаңа формадағы ғылыми бағыт жолға қойылған. Сол арқылы қоғамдық сұраныстарға жауап беру – басты міндет. Факультеттегі денсаулық және қоршаған ортаны ғылыми-зерттеу зертханасының қызметкерлері сыртқы орта мен жұмыс процесіндегі факторлардың адам денсаулығына әсерін зерттеумен айналысады.

Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Көктемнің шуағымен бірге келген ізгі амалдар мен берекет айы елімізге мол жақсылық әкелсін!

Жуырда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкіметі екі елде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалын ашу жөнінде келісімге қол қойған болатын. Келісімді жүзеге асыру үшін ҚР Білім және ғылым министрі Жол картасын бекітті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Наурыз мейрамын сән-салтанатпен атап өтті. ҚазҰУ қалашығындағы көктем мерекесі Әл-Фараби кітапханасы алаңында шырша отырғызудан басталды. Университет ректоры Жансейіт Түймебаев шетелдік оқытушы-профессорлармен және факультет декандарымен бірлесіп қалашық аумағына 100-ге жуық шырша отырғызды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бейбіт Исабаев, Ақылбек Күрішбаев және Нұртөре Жүсіп Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келді. Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары алдымен қалашықты аралап, білім ордасында атқарылған жұмыстарға қанықты. Сонымен қатар алдағы уақытта университетті дамытудың жоба-жоспарымен танысты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу орнының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен семинар өтті. Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын талқылады.