- Негізгі бет
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
30.03.2022 Қарағай мен қараағаш қалдығы кәдеге жарайды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультеті бүгінгі таңда әлемдік инновациялық технология арасынан ойып тұрып орын алатындай бірнеше жобаны жүзеге асырып жатыр. Осы жобалар бойынша жұмыс істеп жатқан жас ғалымдардың белсенділігін, құлшынысын көргенде, шыны керек, ішің жылиды. Қазақстан ғылымының болашағына сенесің. Кейде «дәл осындай зерттеу жұмыстары шетелде жүргізілетін болса, онда оның құндылығын, тиімділігін, пайдасын байқаған инвесторлар таласа қаржы құйып, нарықта коммерциялануына күш салар еді-ау» деп те ойлайсың.
29.03.2022 Ғылымды дамытудың басым бағыттары сараланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Ғылыми кеңесте оқу орнының ғылыми-инновациялық қызметінің нәтижелері, білім алушы жастардың интеллектуалдық, рухани дамуын қамтамасыз ету бойынша шаралардың жүзеге асырылуы талқыланды.
29.03.2022 «Медиа-Наурыз» халықаралық байқауы басталды
Алтай мемлекеттік университетінде (Ресей, Барнаул) Үлкен Алтай және Орталық Азия елдерінің университеттері мен ғылыми институттарының баспасөз қызметтері мен журналистеріне арналған «Медиа-Наурыз» халықаралық байқауы басталды. Қазылар алқасының құрамына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері де кірді.
29.03.2022 Журналистің ең үлкен мәртебесі – еркіндігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық түркі академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі көшбасшылық дәріс оқыды.
29.03.2022 «QAZAQ UNIVERSITETI» ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №8 (1834) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
28.03.2022 ҚазҰУ болашақ нанотехнологтарды даярлайды
Нанотехнологияларды дамытудағы жаһандық серпіліс Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне жаңа міндеттер қойып отыр. Осы өзекті бағыт бойынша мамандарды даярлау мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Наноматериалдар және нанотехнологиялар» магистратурасының білім беру бағдарламасы әзірленіп, оқу үдерісіне сәтті енгізілді.
25.03.2022 ТМД Парламентаралық Ассамблеясымен келісім
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің хатшылығы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
25.03.2022 Ол үлгілі ұстаз, білікті басшы еді
Галина Қуанышева – химия ғылымының докторы, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, фосфат шикізатының, сондай-ақ басқа да химия жəне экология саласы бойынша ірі ғалым, талантты педагог. Ол органикалық емес химияның негізгі курстарының жəне химия бойынша фосфаттық тыңайтқыштар мен минералдық тыңайтқыштар бойынша арнайы, авторлық курстарын оқыды. Зертханалық жұмыстар мен семинарлық сабақтар жүргізді. Бакалаврлардың дипломдық жұмыстары мен магистрлардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етті.
25.03.2022 Жүсіп Сүлейменұлы, профессор: Он жылдай ғарыш саласына қызмет еттік
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздегі алғашқы оқу орындарының бірі. Кеңес өкіметі тұсында Қазақстандағы жалғыз университет болды. Бұл білім ордасынан қаншама атақты ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері үлкен өмірге жолдама алып шықты. Іргелі оқу орнының тарихы да тым тереңнен басталады. Сонау 1934 жылы негізі қаланған Қазақ мемлекеттік университетінің тұңғыш физика-математика факультеті ұлттық білім мен ғылым орталықтарының біріне және оқу-ағарту саласының алтын бесігіне айналды.
24.03.2022 «Әл-Фараби – 2022» халықаралық олимпиадасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан және ТМД елдерінің, сонымен қатар таяу және алыс шетел білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы «Әл-Фараби» халықаралық олимпиадасын өткізеді.