Жаңалықтар

Университет даму стратегиясындағы басты тапсырмалардың бірі – ҚазҰУ оқытушыларының біліктіліктілігін арттыруы

04.03.2010

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жаңа стратегиялық даму жоспары мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа менеджмент арқылы - жаңа сапалы мамандарды дайындау» тапсырмасы аясында Біліктілікті арттыру институты университетіміз оқытушыларының жақын және алыс шет елдерде біліктілігін арттыруын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Б.Т. Жұмағұловтың басшылығымен іске асырада.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 8 жетекші менеджері мен қызметкері университет ректоры, академик Б.Т. Жұмағұловтың басшылығымен 2010 жылдың 7-14 ақпан аралығында Лондон қаласындағы Университет колледжіне (UCL) біліктілікті арттыру мақсатында барған іс-сапары университетіміз даму стратегиясыдағы көрнекті мысал болып табылады.

Біліктілікті арттыру институты тарихында алғаш рет 2010 жылдың 8-21 ақпан аралығында университетіміздің барлық факультеттерінен - 14 жетекші оқытушы М.В. Ломоносов атындағы ММУ-де «Педагогика және психология» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.

М.В. Ломоносов атындағы ММУ-не болған іс-сапар нәтижесінде біздің оқытушылардың мақалалар жинағы шықты. («Россия-Казахстан. Психология и педагогика». - М.: Издательство Московского университета, 2010. - 115 с.).

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес жаңа бастамаларды іске асыруда Біліктілікті арттыру институтына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловқа шын ықыласпен алғысымызды білдіреміз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Біліктілікті арттыру институты