11 наурызда сағ. 10.30-да әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазақ газеттері» ЖШС-ның құрылғанына 10 жыл толуына байланысты «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық процестер: PR, БАҚ менеджменті және маркетингі» атты халықаралық ғылыми-практиалық конференциясы өтеді. Аталмыш шараны ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ұйымдастырып отыр.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстан БАҚ-тарындағы менеджмент және маркетинг: басымдықтары мен перспективалары талқыланатын болады. Ақпарат өндірістік фактор ғана емес, қоғамды демократияландырудың, билік құрылымдары ашықтығының негізгі құралдарының біріне айналуда. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда идеология саласындағы ақпараттық байланыстарды тиімді басқару маңызды орын алып отыр. Сондықтан да мемлекетімізде ақпараттық қоғамды айқындайтын әлеуметтік-мәдени үрдістер: ақпараттық мәдениет, ақпараттық экономика, ақпараттық саясат және ақпараттық менеджмент пен маркетинг сорабы осы бастан қалана бастауы тиіс.
Конференцияға елімізге танымал журналистер Нұртөре Жүсіп, Шәмші Паттеев, Серік Жанболат, Ахмет Алияз, Ертай Айғалиұлы, Жүсіпбек Қорғасбек, Сраил Смаил қатысады.
Конференцияда саланың түйінді мәселелері талқыланып, білікті БАҚ менеджерлері студенттерге арнап шеберлік сыныптарын өткізетін болады.
Мекен-жайымыз: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті, №3 зал (қабылдау комиссиясы жақтан кіру).
Ұйымдастыру комитеті
377-33-40 (ішкі 13-44)