Жаңалықтар

«БІРГЕМІЗ! БІЗ ШЫЛЫМ, ІШІМДІК ПЕН ЕСІРТКІНІ ЖЕҢЕМІЗ» АКЦИЯСЫ

11-нау-10

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып 2009 жылы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында «БІРГЕМІЗ! БІЗ ШЫЛЫМ, ІШІМДІК ПЕН ЕСІРТКІНІ ЖЕҢЕМІЗ» атты Республикалық жастар кампаниясын өткізді.


Республикалық жастар кампаниясының мақсаты - Қазақстан жастары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру саясатын жүзеге асыру.


Қорытынды акция Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтеді. Бұл шараға жоғары оқу орындарының тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлары, ЖОО және колледж студенттері, жастар қозғалыстары мен Қазақстан эстрадасының жұлдыздары қатысады.


Өтетін жері: Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы. Уақыты: 2010 жылдың 16 наурызы, басталуы сағат 17.00.


Байланыс телефондары: 377-33-30, ішкі ном. 11 98
8702 356 31 13 Ноғайбаева Мендігүл