Жаңалықтар

Оңтүстік Корей дәрігерлерінің тегін қабылдау күндері

30.11.2016

 ҚазҰУ медициналық диагностикалық орталығында Оңтүстік Кореядан келген офтальмолог, кардиолог және отоларинголог дәрігерлері тегін кеңес беруде. Бұл шара «Северанс» клиникасы мен  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың өз ара жасаған келісім–шарт негізінде жүргізілуде.

 Оңтүстік Корей дәрігерлерінің пациенттері арасында студенттер мен оқытушылардан басқа, қала тұрғындары да бар. «Қазақстандық азаматтардың ауруларының көбі тамақ ретінде етті көп пайдалануынан туындап отырғанға ұқсайды»,-деді кардиолог дәрігер Ви Джин.   

Ал құлақ, тамақ, мұрын дерттеріне шалдыққандарды тексерген отоларингология профессоры Ким Вон Шиктың айтуынша, бірсыпыра ауруларды бала кезінде алдын алуға болады, себебі балалардың басым бөлігі денім сау деген оймен жүре бергендіктен оларға мұқият болып, көп көңіл бөлген жөн.

Офтальмология профессоры Пэ Хён Вон докторының тағылымгерлерінің айтуынша, бүгінде инновациялық технологиялардың арқасында бүгінде науқастарды қабылдап толық тексеру үшін аз ғана уақыт қажет.  Оңтүстік Корей дәрігерлерінің тегін қабылдау күндері 29 қарашадан 2-ші желтоқсанға дейін жоспарланған.