Жаңалықтар

Алматы әскери кафедраларының арасындағы волейболдан жарыс

19.12.2016

ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай Алматы қаласына қарасты 7 әскери кафедраның оқытушы-профессорлық құрамының арасында волейболдан турнир өтті. Спорттық жарысты ҚазҰУ әскери кафедрасы мен «Парасат» қызметкерлер кәсіподағы ұйымдастырды.

Мерекелік шара барысында полковник Олег Ажимов қатысушылар мен топтардың жанкүйерлерін және турнир қонақтарын мемелекеттік мейраммен құттықтап, Қазақстан Республикасының патриоттарын тәрбиелеуде офицерлер даярлаудың жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың маңыздылығын атап өтті.

Турнирдың ашылу салтанаты концерттік бағдарламаға ұласып, ҚазҰУ әскери кафедрасының оқытушысы, подполковик Александр Болгов, студенттер Саят Тоқтасын мен Еркежан Қасымова өнер көрсетті. Сонымен қатар, шараға «Нархоз» университеті әскери кафедрасының басшысы Тілеген Увалиев пен ҚазҰУ-дың дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Ермек Ділмаханбетов ат салысты.

Сайыстың нәтижесінде «Парасат» кәсіподағының кубогы мен бірінші орынды ҚазҰУ-дың әскери кафедрасы иеленіп, екінші, үшінші орындарды «Нархоз» университеті мен Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ алды. Ал ҚазҰУ-дың әскери- іздестіру жұмыстары циклының басшысы Руслан Қырықпаев ең үздік ойыншы атанды.