Жаңалықтар

«Көңіл-күйді 25%-ға көтер!» атты флеш-моб акция!

02.04.2010

Елбасының шәкіртақыны 25%-ға өсіру талабы жүзеге асты. Бүгін Арбатта әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Алматы қалалық Қазақстан студенттері Альянсының студенттері үкімет билігіне, ҚР Президентінің ЖОО студенттеріне көрсетіп жатқан үздіксіз қамқорлығы үшін алғыс білдіру мақсатында жастардың «Көңіл-күйді 25%-ға көтер» атты флеш-моб акциясын өткізді. Бүгінгі таңда республикамыздың 98 мың шәкіртақы иегерлері 25 %-ға өскен шәкіртақыны алды.

Студенттердің ескі мақалы «Студенттер сессиядан сессияға дейін мәз-мейрам жүреді» демекші, бүгінгі таңда да осы мақал студенттер үшін жалғасын табуда. Бүгінгі күн студенттер үшін ерекше күн. «Студенттің шәкіртақысын қайтадан өсірді, бұл Қазақстан мен Елбасымыздың келешек ұрпаққа көрсеткен қамқорлығының белгісі!». Бір айтарлығы, бұл студенттердің жағдайын жақсарту бойынша атқарылып жатқан іс-шаралардың біреуі ғана.

Бүгінгі таңда студенттеріміз «Біз Елбасымыздың барлық бастамаларын қолдаймыз!» дейді.

Бүгін еліміздің студенттері алғыс ретінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Бүгін «25» атты флеш-моб акциясы, жоғары оқу орындарында студенттік шәкіртақының өсуіне байланысты пікір алмасатын дөңгелек үстелдері, жиналыстары өтті. Республикамыздың жоғары оқу орындары студенттерінің атынан Елбасымызға үндеу жолдады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі