Жаңалықтар

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы және ҚазҰУ Спорт клубының 60 жылдық мерейтойына арналған, «Азиада - 2011» қолдау мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың факультеттері арасында спорт жарыстары өтеді

08.04.2010

2010 жылдың 11 сәуірінде сағ. 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ факультеттері арасында спартакиада өтетін болады.

14 факультет арасында өтетін спартакиада биылғы Ұлы Жеңістің 65-жылдығына, ҚазҰУ Спорт клубының 60 жылдық мерейтойы мен «Азиада - 2011» олимпиадасын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Студенттер сенаты ҚазҰУ Спорт клубы мен дене шынықтыру кафедрасы аталмыш шараны жастар қауымы арасында денсаулыққа баулу, патриотизмді нығайту, студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырады.

Жарысқа қатысатын студенттер ұзындыққа секіру, армрестлинг, эстафета және арқан тарту бойынша күштерін сынайды. Үздік деп танылғандар ҚазҰУ Спорт клубының құнды сыйлықтарымен марапатталатын болады.

Кешті әрлендіру мақсатында университеттің көркем өнерпаздары бар өнерлерін ортаға салатын болады.

Мекен-жайымыз: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Спорт кешені.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі (727)377-35-20