№17 студенттер үйінде Тілдер мерекесі аясында шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы мен «Көкжиек» ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен «Ана тілге құрмет» атты әдеби-танымдық кеш өтті.
Кеш барысында клуб төрағасы, жас ақын Е.Дүйсенов бастаған жоғары курс ақындары ана тілі тақырыбында өлең жолдарын оқып, кіл жүйріктер жырдан шашу шашты.
Нұрила Мырзабек, Алма Кенжеқожаева сынды біртоп білімгерлер студенттер арасында жүргізілген «Ана тілдің мерейін арттыру үшін мен не істей аламын?» атты сауалнама қорытындысын хабарлап, шара барысында қысқаша талдау жүргізді. Кешке кафедра меңгерушісі Д.Қарағойшиева, аға эдвайзер Э.Бектұровалар атсалысып, ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Өз кезегінде шараны түйіндеген «Көкжиек» клубының ғылыми жетекшісі, доцент Л.Мұсалы студенттерді тілді ардақтауға шақырып, қашанда «ана тілге құрмет – өз ұлтымызға құрмет» екендігін айрықша атап өтті.
«Көкжиек» клубы