Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бейіндік мектебінде Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында ұстаздар мен оқушылардың ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында өскелең ұрпақтың, жастар алдына бірнеше тіл білу міндетін қойды. Осы орайда оқушылар өз шығармашылықтарынан үш тілде өлең оқып, ән айтып, бар өнерлерін ортаға салды. «Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі» деп білетін мектеп оқушыларының айтуынша, мемлекеттік тілді мадақтау – ұлттың тарихы мен мәдениетіне көрсетілген құрмет болса керек.
Бейіндік мектеп