Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің метеорология және гидрология кафедрасында Орта Азияның ұлттық гидрометеорология қызметтеріне (ОАҰГҚ) арналған қашықтықтан білім беру (ҚББ) желісі орталығының ашылу салтанаты өтті. Аталмыш орталық әлемдік банк гранты бойынша бой көтерді.
Орталық ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердегі метеоролог және гидролог мамандарға, гидрометеорологиялық бағытқа қызығушылық танытатын ұйымдар мен республика оқытушыларының білімін арттыруға бірден-бір мүмкіндік. География және табиғатты пайдалану факултьтетінің деканы Виталий Сальниковтың айтуынша, заманауи жабдықталған түрлі кластар бар болса да аталмыш кластердің маңызы зор. Өз ретінде орталық жоғары деңгейде қашықтықтан білім алуға ықпалын тигізбек. Ашылу салтанатында ҚазҰУ-дың оқу жұмысы жөніндегі проректоры Асқар Хикметов «Түлектердің мұрындық болуымен кластердің ашылуы зор қуаныш, ауқымды оқиға. Бұл біз үшін үлкен жеңіс», - деп ізгі ниетін жеткізді. Сөйлеген сөзінде проректор қызметкерлердің біліктілігін арттыруда кластердің өзектілігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, А.Хикметов орталықтың ҚазҰУ-дың дамуында ғана емес, Қазақстан үшін игілікті екендігін қуанышпен атап өтті. Шараға арнайы келген Метеорлогия және гидрология кафедрасының түлегі, Ресей Федерациясының қоршаған орта мониторингі және гидрометеорлогия бойынша Федералды қызметінің «Мамандар және басқарушы қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» проректоры Григорий Николаевич Чичасов заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қажетті білім алуға мүмкіндік беретін қашықтықтан білім берудің ерекшеліктерін баяндап, өзіндік тәжірибесімен бөлісті.
Баспасөз қызметі