ҚазҰУ-да көрнекті қоғам қайраткері, жазушы Төлен Әбдіковтың 75 жылдығына арналған «Төлен Әбдіковтың парасат әлемі» атты әдеби-шығармашылық кеші өтті.
Негізгі мақсат - көрнекті жазушы, драматург Т.Әбдіковтің шығармашылығын қазіргі заман тұрғысынан терең тану арқылы ҚР Президенті-Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының негізінде тәуелсіздік кезеңіндегі жаңа дәуірдің зиялысының болмысын бағамдау, мән-маңызын ашу болды.
Шығармашылық кешке атақты ақын-жазушылар: Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Бексұлтан Нұржекеев, Ғалым Жайлыбайұлы, Әбдіжәміл Нұрпейісов және өзге де қоғам қайраткерлер қатысып, қаламгер жайлы ой-пікірлерімен бөлісті. Шарада Төлен Әбдіков шығармаларындағы ұлттық болмыс, қаламгердің шығармашылық келбеті оның туындыларындағы рухани әлем суреттері мәселелері кеңінен талқыға түсіп, ақын жайлы ыстық ықыласқа толы жылы лебіздер айтылды.
Баспасөз қызметі